https://sputnik.kz/20230505/ukraina-qaruly-kushterinin-qarsy-shabuyly-tygyryqqa-tireldi-me-34765341.html
Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы тығырыққа тірелді ме
Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы тығырыққа тірелді ме
Sputnik Қазақстан
Украинаның Ресей президенті резиденциясына пилотсыз ұшатын аппаратпен шабуыл жасау әрекетінің салдары Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылына ешқандай әсер... 05.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-05T22:41+0500
2023-05-05T22:41+0500
2023-05-11T11:41+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/393/03/3930388_0:284:3077:2015_1920x0_80_0_0_ec5cdca7d76aea06ce0aef1be74a9bc4.jpg
Украинаның Ресей президенті резиденциясына пилотсыз ұшатын аппаратпен шабуыл жасау әрекетінің салдары Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылына ешқандай әсер ете алмайды және Еуропа мен әлем үшін қиын салдарға әкелуі ықтимал, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.3 мамырда Ресей президентінің әкімшілігі ресми түрде былай деп хабарлады: "Бүгін түнде Киев режимі Ресей Федерациясы президентінің Кремльдегі резиденциясына пилотсыз ұшатын аппараттармен соққы жасауға әрекеттенді. Екі пилотсыз ұшу аппараты Кремльге бағытталған. Әскерилер мен арнайы қызметтердің радиолокациялық тежеу жүйелерін қолдану арқылы дер кезінде қабылданған шараларының нәтижесінде аппараттар істен шықты. Біз мұны жоспарланған террористік әрекет және президентке жасалған қастандық деп санаймыз".Вашингтон мен Киев Мәскеудегі террористік әрекетке қатысын жоққа шығарып, Мәскеу "өзіне-өзі шабуыл жасады" немесе қандай да бір "партизандық қозғалыс кінәлі" деген болжамдармен бөлісті. Алайда он күн бұрын Washington Post газеті Украина әскери барлау қызметінің Мәскеуге соққы беру қаупі туралы хабарлаған."Ресейдің 4 мамырға қараған түні Киевке зымыранмен жасаған соққыларының қарқыны 2023 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. Киев, Сумы, Кировоград облыстарындағы және Херсон маңындағы украин әскерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, байланыс орталықтары мен жеке құрамының орналастыру пункттері, әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары қиратылды. Дәл осы уақытта Украинаның Одесса, Днепропетровск, Полтава және Харьков облыстарында "Герань" пилотсыз ұшу аппараттарының жарылыстары тіркелді", - деп жазды Хроленко.Мәскеу орталығында украин дронының пайда болуы ресейлік астананың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің сенімділігіне күмән тудырмауы керек. Украина бас барлау басқармасының өкілдері ұшақ тәріздес шағын дронды жақын Подмосковьедегі көпқабатты ғимараттан немесе Мәскеу айналма жолының шегінен бағыттауы ықтимал.Әскери шолушының пікірінше, электр қозғалтқышы бар дронды кез келген гаражда құрастыруға болады. Ал ресейде украин әскери барлау қызметінің жасырын өкілдері бұрыннан бар. Батыстағы нұсқаушылардың жетекшілігімен Украина Қарулы күштері соғысқа 1990-шы жылдардың ортасынан бастап дайындалды. Біраз бұрын Батыста Ресейдегі Орталық барлау қызметінің диверсиялық іс-әрекеті туралы ақпарат жарияланды.Жарық көрген мақалада былай деп жазылған: Украина АҚШ-тың жария етілмеген одақтасы болып табылады және ол 2022 жылдың 24 ақпанға дейін диверсанттарды кіріктірудің үлкен мүмкіндігіне ие болды. Себебі Ресейді тұрақты негізде үш миллионнан астам украиналық азамат тұрып келді. Шекараның ашықтығы, тіл кедергісінің жоқтығы, дәстүрлік туыстық байланыстар еңбек миграциясына себеп болып, бұл украин барлау қызметінің өз агенттерін Ресейде етене кіріктіруіне мүмкіндік берді.Кеше Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қырымда Украинаның бас барлау басқармасының бірнеше құпия агентін ұстады. Олардың қолында жарылғыш заттар, арнайы байланыс құралдары, бақылау құралдары болған және республика билігіне бірқатар қастандық жасауды жоспарлаған. Бір күн бұрын Запорожье облысында бірнеше қылмысқа қатысы бар Украина Қарулы күштерінің үш өкілі залалсыздандырылды. Олардың екеуі Ресей Федерациясының азаматы болған.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/393/03/3930388_202:0:2933:2048_1920x0_80_0_0_86ce931c102055c829c25e46ffd9ba64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Украинаның Ресей президенті резиденциясына пилотсыз ұшатын аппаратпен шабуыл жасау әрекетінің салдары Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылына ешқандай әсер ете алмайды және Еуропа мен әлем үшін қиын салдарға әкелуі ықтимал, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
3 мамырда Ресей президентінің әкімшілігі ресми түрде былай деп хабарлады: "Бүгін түнде Киев режимі Ресей Федерациясы президентінің Кремльдегі резиденциясына пилотсыз ұшатын аппараттармен соққы жасауға әрекеттенді. Екі пилотсыз ұшу аппараты Кремльге бағытталған. Әскерилер мен арнайы қызметтердің радиолокациялық тежеу жүйелерін қолдану арқылы дер кезінде қабылданған шараларының нәтижесінде аппараттар істен шықты. Біз мұны жоспарланған террористік әрекет және президентке жасалған қастандық деп санаймыз".
Вашингтон мен Киев Мәскеудегі террористік әрекетке қатысын жоққа шығарып, Мәскеу "өзіне-өзі шабуыл жасады" немесе қандай да бір "партизандық қозғалыс кінәлі" деген болжамдармен бөлісті. Алайда он күн бұрын Washington Post газеті Украина әскери барлау қызметінің Мәскеуге соққы беру қаупі туралы хабарлаған.
"Ресейдің 4 мамырға қараған түні Киевке зымыранмен жасаған соққыларының қарқыны 2023 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. Киев, Сумы, Кировоград облыстарындағы және Херсон маңындағы украин әскерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, байланыс орталықтары мен жеке құрамының орналастыру пункттері, әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары қиратылды. Дәл осы уақытта Украинаның Одесса, Днепропетровск, Полтава және Харьков облыстарында "Герань" пилотсыз ұшу аппараттарының жарылыстары тіркелді", - деп жазды Хроленко.
Мәскеу орталығында украин дронының пайда болуы ресейлік астананың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің сенімділігіне күмән тудырмауы керек. Украина бас барлау басқармасының өкілдері ұшақ тәріздес шағын дронды жақын Подмосковьедегі көпқабатты ғимараттан немесе Мәскеу айналма жолының шегінен бағыттауы ықтимал.
Әскери шолушының пікірінше, электр қозғалтқышы бар дронды кез келген гаражда құрастыруға болады. Ал ресейде украин әскери барлау қызметінің жасырын өкілдері бұрыннан бар. Батыстағы нұсқаушылардың жетекшілігімен Украина Қарулы күштері соғысқа 1990-шы жылдардың ортасынан бастап дайындалды. Біраз бұрын Батыста Ресейдегі Орталық барлау қызметінің диверсиялық іс-әрекеті туралы ақпарат жарияланды.
Жарық көрген мақалада былай деп жазылған: Украина АҚШ-тың жария етілмеген одақтасы болып табылады және ол 2022 жылдың 24 ақпанға дейін диверсанттарды кіріктірудің үлкен мүмкіндігіне ие болды. Себебі Ресейді тұрақты негізде үш миллионнан астам украиналық азамат тұрып келді. Шекараның ашықтығы, тіл кедергісінің жоқтығы, дәстүрлік туыстық байланыстар еңбек миграциясына себеп болып, бұл украин барлау қызметінің өз агенттерін Ресейде етене кіріктіруіне мүмкіндік берді.
Кеше Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қырымда Украинаның бас барлау басқармасының бірнеше құпия агентін ұстады. Олардың қолында жарылғыш заттар, арнайы байланыс құралдары, бақылау құралдары болған және республика билігіне бірқатар қастандық жасауды жоспарлаған. Бір күн бұрын Запорожье облысында бірнеше қылмысқа қатысы бар Украина Қарулы күштерінің үш өкілі залалсыздандырылды. Олардың екеуі Ресей Федерациясының азаматы болған.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.