Түркі елдері ғарышқа өз жерсерігін ұшыруды жоспарлап отыр

© официальный сайт президента УзбекистанаҚазақстан мен Өзбекстанның тулары
Қазақстан мен Өзбекстанның тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Түркі елдері ұйымына мүше мемлекеттер ғарышқа бірлескен жерсерігін ұшыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Узбеккосмос" агенттігіне сілтеме жасап.
Ташкент қаласында ғарыш бойынша Орталық Азия конференциясы өткен болатын. Соның аясында Түркі елдері ұйымына мүше мемлекеттерді ғарыш агенттіктері жиналып, кеңес өткізді.
"Кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар ұлттық ғарыш бағдарламаларын іске асыру саласындағы тәжірибемен алмасты. Сондай-ақ Түркі елдері ұйымына мүше мемлекеттерінің бірлескен жерсерігін ұшыру мүмкіндігін талқылады", - делінген ресми хабарламада.
Кеңеске қатысқандар Орталық Азияда ғарыш саласын ары қарай дамытуға қатысты ой-пікірлерін де ортаға салды. Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
"Осы жерде Түркі елдері ұйымына мүше мемлекеттердің өз жерсерігін ұшыру бойынша келіссөз басталғанына қуаныштымыз. Бұл – теңдесі жол халықаралық жоба. Оның барлығы үшін пайдалы болатынына сенімдіміз", - деді Түркия ғарыш агенттігінің басшысы Сердар Йылдырым.
Түркі тілдес елдерінің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) 2009 жылы құрылған болатын. Ал 2021 жылы Ыстанбұлда өткен саммите ұйымның атауын "Түркі елдерінің ұйымына" өзгертуге шешім қабылданды. Биыл ұйымға Өзбекстан төрағалық етеді. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Өзбекстан кіреді. Ал Түрікменстан мен Венгрия барлық жиналысқа бақылаушы болып қатысады.
Жаңалықтар
0