Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс өз суасты инфрақұрылымына Ресейден қауіп төнгенін мәлімдеді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуКорвет "Совершенный" пополнил состав Тихоокеанского флота
Корвет Совершенный пополнил состав Тихоокеанского флота - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2023
Жазылу
Кремль аспанында ұшқан пилотсыз ұшу аппараттарының видеосын жариялағаннан кейін Ресейдің стратегиялық қарсыластары біршама алаңдай бастады. Украина президенті Владимир Зеленскийдің Еуропаға сапарына да осы себеп болуы мүмкін, деп жазды РИА Новости.
НАТО бас хатшысының барлау және қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Дэвид Каттлер посткеңестік республикалармен байланысты тереңдетуден аяқасты назарын бұрып, Мәскеуде Еуропа, Ұлыбритания және АҚШ-ты байланыстыратын суасты кабельдерін зақымдау мүмкіндігі бар екенін жариялады. Бұл батыс әлеміндегі толық ауқымдағы дүрбелеңге әкеледі.
"Мәскеу НАТО-ның маңызды инфрақұрылымын белсенді түрде картаға түсіріп жатыр және батыс елдерін газдан бастап интернетке дейін қамтамасыз ететін теңіз астындағы коммуникацияларға соққы беруі мүмкін", - деп Каттлердің сөзін келтірді The New York Times.
НАТО генералының пікірінше, "Атлант мұхитында және одан тыс ресейлік кемелердің патруль жүргізу деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары". Ресей кемелері Солтүстік және Балтық теңіздерінде қауіпті әрекеттер жасап, бұл Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың Украинамен қақтығысында Ресейдің нысанасына айналдыруы мүмкін. Каттлер батыс инфрақұрылымына шабуыл жасау арқылы Мәскеу Украинаны қолдайтын елдерге қысым көрсете алады.
"Су асты инфрақұрылымы шын мәнінде Батыс экономикасы үшін негізгі фактор. Ұлыбритания кабельдің істен шығуы күніне 7,4 триллион фунт стерлинг қаржы транзакцияларының бұғатталуына және электр қуатының төрттен бір бөлігінің өшірілуіне әкелетінін есептеді. Яғни Лондон қор биржасы күйреп, елдің тыныс-тіршілігіне орасан зор салдар келтіріледі", - деп жазылған материалда.
Бірақ бұл экономикаға ғана қатысты емес. Суасты қайықтарының байланысын бұзу америкалықтардың НАТО әскерін бақылауына нұқсан келтіреді. 2020 жылы НАТО елдерінің қорғаныс министрлері су асты инфрақұрылымына тәуелді қорғаныс өнеркәсібінің осалдығын туралы білді. АҚШ армиясының 5G мобильді қосымшаларына көшуімен және деректерді бұлтты жүйелерде сақтауға әуестік бұл қауіпті тек арттырып жатыр.
Жалпы ұзындығы миллион километрден асатын 400-ге жуық суасты кабелі Еуропа мен АҚШ арасындағы интернет-трафиктің 95 процентін жеткізеді. Деректерді берудегі сәтсіздіктер америкалықтарға құрлықтағы одақтастар әскерін басқаруды айтарлықтай қиындатады. 2008 жылы Мысыр мен Италия арасындағы кабельдердің зақымдануы америкалық пилотсыз ұшу аппараттарының Иракқа ұшатын рейстері санының азаюына әкелді.
Генерал Каттлер "Солтүстік ағын" газ құбырын Ресей өзі жарып, енді өзімен тату емес елдерге де залал келтіруді жоспарлап отыр дегенді меңзейді. Тергеу аяқталмай жатып альянс өз суасты инфрақұрылымын қорғау жөнінде бүтіндей бөлім құрды және генерал-лейтенант Ганс-Вернер Вирманды жетекші етіп тағайындады. НАТО ресейліктерден қорғануды сылтау етіп Ресей шекарасы аумағында теңіздегі патрульдеуді күшейтті.
РИА Новости жазғандай, ресейліктерден суасты коммуникацияларына төнетін қауіп ықтималдылығы туралы мәлімдемелер батыстағылардың Атлант мұхиты мен Балтық теңізіндегі кемелер санын арттыруды ақтауына бағытталған кезекті ақпараттық соғыстың амалы. Сонымен қатар бұл НАТО қазіргі жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін түсініп отырғанын білдіреді. Себебі НАТО шын мәнінде Украина арқылы Ресеймен тікелей қақтығыс жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0