https://sputnik.kz/20230505/aqtau-men-qalaga-zhaqyn-auyldardy-gazben-qamtamasyz-etuge-37-mlrd-tenge-bolinedi--34601857.html
Ақтау мен қалаға жақын ауылдарды газбен қамтамасыз етуге 3,7 млрд теңге бөлінеді
Ақтау мен қалаға жақын ауылдарды газбен қамтамасыз етуге 3,7 млрд теңге бөлінеді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Үкіметі "Жаңаөзен – Ақтау" газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын магистральдық газ құбыры құрылысын... 05.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-05T14:44+0500
2023-05-05T14:44+0500
2023-08-10T16:53+0500
газ
ақтау
https://sputnik.kz/img/79/30/793009_0:56:1101:675_1920x0_80_0_0_62fb0c3c00197e128449d5e313971c12.jpg
АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Үкіметі "Жаңаөзен – Ақтау" газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын магистральдық газ құбыры құрылысын аяқтау үшін өз резервінен 3 млрд 695 млн 925 мың теңге бөледі. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.Бүгінде Ақтаудың солтүстік бөлігі қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы жүріп жатыр. Биыл қаланың кеңейіп келе жатқан бөлігін жылумен қамту мақсатында бірқатар блок-модульді қазандықтарды орнату және екі жаңа қазандық салу жоспарланған. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейтін болады, осыған байланысты тиісті инфрақұрылымды кеңейту қажет.Жалпы ұзындығы 52 шақырым болатын жаңа газ құбыры Ақтау қаласының жаңа шағын аудандары, Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе, Дәулет, Баянды ауылдары, сондай-ақ Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының 150 мыңға жуық тұрғынын жылумен және тауарлық газбен қамтамасыз етеді.Жоба құрылысы Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын дамыту аясында жүргізіліп жатыр
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/79/30/793009_62:0:1037:731_1920x0_80_0_0_34917649508adce76cfbfbc2c902016f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, ақтау
Ақтау мен қалаға жақын ауылдарды газбен қамтамасыз етуге 3,7 млрд теңге бөлінеді
14:44 05.05.2023 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Үкіметі "Жаңаөзен – Ақтау" газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын магистральдық газ құбыры құрылысын аяқтау үшін өз резервінен 3 млрд 695 млн 925 мың теңге бөледі. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Бүгінде Ақтаудың солтүстік бөлігі қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы жүріп жатыр. Биыл қаланың кеңейіп келе жатқан бөлігін жылумен қамту мақсатында бірқатар блок-модульді қазандықтарды орнату және екі жаңа қазандық салу жоспарланған. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейтін болады, осыған байланысты тиісті инфрақұрылымды кеңейту қажет.
Жалпы ұзындығы 52 шақырым болатын жаңа газ құбыры Ақтау қаласының жаңа шағын аудандары, Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе, Дәулет, Баянды ауылдары, сондай-ақ Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының 150 мыңға жуық тұрғынын жылумен және тауарлық газбен қамтамасыз етеді.
Жоба құрылысы Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын дамыту аясында жүргізіліп жатыр