Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені проблемалық деп танылды

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 мамыр-Sputnik. Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені проблемалық нысандар қатарына кірді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қала құрылысын бақылау басқармасы интернет-ресурстардың мониторингі кезінде Достық даңғылы 170/1 мекенжайындағы ТК-де пәтерлерді сату туралы хабарландыруды анықтады.
"Қала тұрғындары осы мекен-жай бойынша тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алудан бас тартқаны жөн. Меншік иесі бұл учаскеде құрылысты 2005 жылы бастаған. Бұл құрылыстың негізгі мақсаты сәулет-жоспарлау тапсырмасы болған КТЖ мақсатына көзделген", - дейді ведомство.
Кейін жер учаскесі басқа меншік иесіне беріліп, ол сол учаскеде заңсыз стационарлық емес сауда объектілерін тұрғызған. Басқарма меншік иесіне қатысты заңсыз сауда павильондарын бұзуға талап арыз берді. 2023 жылдың 2 мамырында сауда нысандарын бұзу туралы шешім қабылданды. Сот заңды күшіне енген жоқ.
"Медеу аудандық сотына нысанды бұзу туралы тағы бір шағым түсті. Ғимараттың құжаттамасын беруге және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тыйым салумен ғимараттың өзін бұзуға тағы бір талап арыз берілді. Сот процестері әлі де жүріп жатыр. Сот-құрылыс сараптамасы жасалады", - деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құжаттарының дұрыс немесе бұрыстығын қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша тексеруді ұсынамыз.
Жаңалықтар
0