https://sputnik.kz/20230504/zhulde-qory-35-mln-tenge-ayboz-syylygyna-otinim-qabyldanyp-zhatyr-34537056.html
Жүлде қоры 35 млн теңге: "Айбоз" сыйлығына өтінім қабылданып жатыр
Жүлде қоры 35 млн теңге: "Айбоз" сыйлығына өтінім қабылданып жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына шығарма қабылдауды бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз... 04.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-04T07:55+0500
2023-05-04T07:55+0500
2023-05-04T07:55+0500
сыйлық
қазақ әдебиеті
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15162426_0:44:3482:2003_1920x0_80_0_0_e8300555d714a569441f4a227dd39f0d.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына шығарма қабылдауды бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 миллион теңге. Әр номинацияға 5 миллион теңгеден қарастырылған.Ұлттық сыйлыққа "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драматургия", "Үздік әдеби аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік әдеби сын", "Үздік комикс" номинациялары бойынша шығармалар қабылданады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне байланысты шектеу жоқ.Үміткерлер өтінімді 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады."АЙБОЗ" – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады", - деді МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.
https://sputnik.kz/20230307/biyl-zhas-zhazushylar-men-aqyndarga-adebi-syylyq-tabystalady-32745799.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15162426_377:0:3106:2047_1920x0_80_0_0_4453b3ab9fef3e6b5eea81eb26102ad5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыйлық, қазақ әдебиеті
Жүлде қоры 35 млн теңге: "Айбоз" сыйлығына өтінім қабылданып жатыр
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығына шығарма қабылдауды бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 миллион теңге. Әр номинацияға 5 миллион теңгеден қарастырылған.
Ұлттық сыйлыққа "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драматургия", "Үздік әдеби аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік әдеби сын", "Үздік комикс" номинациялары бойынша шығармалар қабылданады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне байланысты шектеу жоқ.
Үміткерлер өтінімді 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында
www.aiboz.kz сайты арқылы жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.
"АЙБОЗ" – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады", - деді МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.