Тоқаев Орталық Азия президенттерінің саммитіне қатысатынын растады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Алтын Қыран орденімен марапаттады. - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өтетін Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуіне қатысатынын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақордада Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады.
Мәлімдеме барысында Тоқаев Душанбеде өтетінін Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының саммитіне қатысатынын айтты.
"Біз Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуі форматы аясында өзара тығыз іс-қимылды жалғастыруға келістік. Осы сәтті пайдаланып, Душанбеде өтетін өңір лидерлерінің саммитіне қатысатынымды растаймын және Тәжікстанның құрметті президентіне мені шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Қазақстан президенті.
Бұған дейін Тәжікстанда Орталық Азия мемлекет басшыларының бесінші консультативтік кездесуін өткізуге дайындық басталғаны хабарланған болатын. Президенттердің кездесуі 14-15 қыркүйекте Душанбеде өтеді.
Мерейтойлық бесінші консультативтік кездесу Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның төрағалығымен өтеді. Саммит жұмысына Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстан лидерлері қатысады деп күтілуде.
Жаңалықтар
0