https://sputnik.kz/20230504/qazaqstan-tazhikstan-biznes-forumy-20-mln-dollardyn-kommertsiyalyq-quzhattaryna-qol-qoyyldy-34587024.html
Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумы: 20 млн доллардың коммерциялық құжаттарына қол қойылды
Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумы: 20 млн доллардың коммерциялық құжаттарына қол қойылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның... 04.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-04T21:10+0500
2023-05-04T21:10+0500
2023-05-04T21:10+0500
тәжікстан
қазақстан
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07e7/05/04/34586534_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_24ac7f84e856fbaf6832b8c249dd3667.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның кездесуі өтті.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестициялық қызмет, сондай-ақ көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.Премьер-министр Тәжікстан Қазақстанның аймақтағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 19%-ға өсіп, $1,4 млрд-қа жетті.Премьер-министр атап өткендей, бұл бағытта Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясы маңызды рөл атқарады, оның кезекті отырысы осы жылдың сәуір айында сәтті өткен болатын. Сонымен қатар 2023-2024 жылдарға арналған тауар айналымын арттыру бойынша жол картасы қабылданды.Сондай-ақ Әлихан Смайылов 3 мамырда көптеген кәсіпорындардың өкілдері қатысқан бірлескен бизнес-форум екі елдің бизнес-қауымдастықтарының жақындасуына септігін тигізгенін айтты. Нәтижесінде жалпы құны $20 млн-ды құрайтын бірқатар маңызды коммерциялық құжаттарға қол қойылды."Қазақстан Республикасының Үкіметі Тәжікстан Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін бар күш-жігерін салады. Биыл қазақ-тәжік ынтымақтастығының жоғары қарқыны барлық бағыттар бойынша дамитынына сенімдімін", - деді премьер-министр.Өз кезегінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон республикалар арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың жоғары әлеуетін атап өтті."Біздің қарым-қатынасымызды дамыту үшін қажетті алғышарттар бар. Барлық негізгі бағыттарда өзара тиімді іс-қимылдың бай тәжірибесі жинақталды. Мен бүгін қабылданған Одақтастардың өзара іс-қимылы туралы декларацияның тарихи маңызын ерекше атап өткім келеді. Бұл біздің ынтымақтастығымызды нығайтуға кең жол ашады", — деді Эмомали Рахмон.Тәжікстан басшысы екі елдің бизнес-қауымдастықтарын жақындастырудың, екіжақты сауданы арттырудың және өзара мәдени-гуманитарлық іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті."Біз Қазақстанмен ешбір шектеусіз барлық салада ынтымақтасуға дайынбыз", — деді Эмомали Рахмон.
тәжікстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/04/34586534_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_1fc30834ea8744d035d29396357950f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәжікстан, қазақстан, ынтымақтастық
тәжікстан, қазақстан, ынтымақтастық
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Астанада Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның кездесуі өтті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестициялық қызмет, сондай-ақ көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Премьер-министр Тәжікстан Қазақстанның аймақтағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 19%-ға өсіп, $1,4 млрд-қа жетті.
"Біз өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз. Тауар айналымын $2 млрд-қа жеткізу жөніндегі алға қойған міндетімізге сәйкес біз Тәжікстан Үкіметімен бірлесіп сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз", — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр атап өткендей, бұл бағытта Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясы маңызды рөл атқарады, оның кезекті отырысы осы жылдың сәуір айында сәтті өткен болатын. Сонымен қатар 2023-2024 жылдарға арналған тауар айналымын арттыру бойынша жол картасы қабылданды.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов 3 мамырда көптеген кәсіпорындардың өкілдері қатысқан бірлескен бизнес-форум екі елдің бизнес-қауымдастықтарының жақындасуына септігін тигізгенін айтты. Нәтижесінде жалпы құны $20 млн-ды құрайтын бірқатар маңызды коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі Тәжікстан Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін бар күш-жігерін салады. Биыл қазақ-тәжік ынтымақтастығының жоғары қарқыны барлық бағыттар бойынша дамитынына сенімдімін", - деді премьер-министр.
Өз кезегінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон республикалар арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың жоғары әлеуетін атап өтті.
"Біздің қарым-қатынасымызды дамыту үшін қажетті алғышарттар бар. Барлық негізгі бағыттарда өзара тиімді іс-қимылдың бай тәжірибесі жинақталды. Мен бүгін қабылданған Одақтастардың өзара іс-қимылы туралы декларацияның тарихи маңызын ерекше атап өткім келеді. Бұл біздің ынтымақтастығымызды нығайтуға кең жол ашады", — деді Эмомали Рахмон.
Тәжікстан басшысы екі елдің бизнес-қауымдастықтарын жақындастырудың, екіжақты сауданы арттырудың және өзара мәдени-гуманитарлық іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
"Біз Қазақстанмен ешбір шектеусіз барлық салада ынтымақтасуға дайынбыз", — деді Эмомали Рахмон.