Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияға қол қояды

© Sputnik / Абзал КалиевМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Тәжікстанның ынтымақтастығы жаңа деңгейге шығады. Екі ел арасында одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияға қол қойылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонның кеңейтілген кездесуі өтіп жатыр.
Отырыс барысында Тоқаев Рахмонның Астанаға мемлекеттік сапарын "тарихи" деп атады. Айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге шығады.
"Одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияға қол қойылады. Сол себепті біздің алдымызда үлкен жұмыс тұр. Өйткені одақтастық өзара іс-қимыл жаңа стратегиялық жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Екі-үш зәкірлі стратегиялық жобаларды әзірлеу жайлы айттық. Үкіметтерге осы мақсаттарды жүзеге асырумен айналысуды тапсырдық. Ең таяу арада екіжақты ынтымақтастықта жаңа биіктерге жетеміз деген үміттемін", - деді Тоқаев Ақордадағы кеңейтілген кездесуде.
Президент Тәжікстанмен барлық барлық деңгейде сенімді саяси диалог құрылғанын атап өтті.
"Біз бірқатар халықаралық құрылым аясында өзара іс-қимыл орнаттық, Орталық Азияның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келе жатырмыз. Екі ел арасында келісімдік-құқықтық база бар, ол түрлі салаларда жүзден астам келісімшартты қамтиды. Бүгін бұл тізім жаңа маңызды келісімдермен толығады", - деді Тоқаев.
Айта кетері, бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алды. Рахмон Қазақстанға мемлекеттік сапармен 3 мамырда келген болатын.
 Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Тоқаев Ақордада Тәжікстан президентін қарсы алды
Жаңалықтар
0