"Қазақстан халқына" қоры ауыл мектептеріне 15,75 млрд теңге жұмсайды

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанның 17 облысындағы 63 ауыл мектебіне жаңа құрал-жабдықтар мен жиһаздар беріледі, деп хабарлады "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі.
Бұл мектептер қордың "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасына қосымша енгізілді.
"Жоба аясында еліміздегі ауылдық мектептердегі материалдық-техникалық база жақсартылады. Жобаға қатысатын әрбір мектеп мектепалды даярлық және робототехника кабинеттері, мультимедиялық кабинет пен STEM-зертхананы, заманауи жаңа зертханасы бар физика және химия кабинеттері және басқаларын қоса алғанда, білім берудің барлық пәні мен бағыттары бойынша жаңа заманауи модификация кабинеттерімен қамтылады. Сондай-ақ жоба бойынша мектептің әкімшілік кабинеттері мен шаруашылық блогынан басқа мектептің акт және спорт залдарында, мұғалімдер бөлмесі мен асханадағы жиһаздар мен жабдықтарды жаңарту жоспарланып отыр", - деп хабарлады қордағылар.
Ауылдық мектептердің басшылары мен мұғалімдері үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің облыстық филиалдарының базасындағы педагогикалық шеберлік орталықтарында жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ әділ бағалау, цифрлық сауаттылық және тәрбие жұмысы бойынша курстар ұйымдастырылады.
"Қазақстан халқына" қоры мектептердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге жалпы сомасы 15,75 миллиард теңге бөлуді көздеп отыр. Қордың серіктесі – білім беруді тұрақты дамыту қоры – әр мектепте аналитикалық және мониторингтік зерттеулер жүргізеді, пән мұғалімдері үшін жалпы сомасы 65 миллион теңгеге оқыту шараларын жүзеге асырады және әкімшілік шығындарға 234 миллион теңге бөледі.
"Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасы бойынша білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, бүгінгі таңда 17 тірек мектеп табысты құрылып, олар толық материалдық-техникалық жаңартулар мен жаңа білім беру технологияларын алды.
Жаңалықтар
0