https://sputnik.kz/20230504/90-mynga-zhuyq-zhurgizushi-avtokolikke-kepildikti-onlayn-tirkedi-34536826.html
90 мыңға жуық жүргізуші автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
90 мыңға жуық жүргізуші автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы 90 мыңға жуық жүргізуші автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді, деп хабарлады... 04.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-04T07:26+0500
2023-05-04T07:26+0500
2023-05-04T07:26+0500
автокөлік
полиция
https://sputnik.kz/img/746/48/7464832_0:99:1920:1179_1920x0_80_0_0_8a6bcec8cf7f694010c1634bdf871256.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы 90 мыңға жуық жүргізуші автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді, деп хабарлады Polisia.kz.Автокөлікті несиеге сатып алу кезінде азаматтарға сатып алынатын автокөлікке кепілдікті тіркеу қажет болады. Бұған дейін сол үшін облыс орталығына барып, полицияға тіркелу үшін кепілдік шарттарының бірнеше қағаз данасын тапсырып, содан соң оларды банкке қайта апару керек болатын. Бұл процесс 3-4 күнге дейін созылып, автокөлік иелері үшін қолайсыздық туғызды.Автокөліктен кепілдікті алу кезінде де банктен несиені толық өтегені туралы жазбаша растау қағазын алу қажет болды, содан кейін оны полицияға тапсыру міндетті еді.Содан кейін автокөліктің кепілдігі ІІМ деректер базасында автоматты түрде тіркеледі.Енді азаматтар полиция мен банктерге бармай-ақ, кепілдікті 5 минут ішінде тіркеп немесе тіркеуден алып тастай алады. Ал кепілдік шарты және оны тіркеу туралы куәліктің электронды көшірмелері автокөлік иелерінің смартфондарында әрқашан қолжетімді болады.
https://sputnik.kz/20230502/sot-oryndaushylar-endi-kolik-zhurgizushilerin-onlayn-zhazalay-alady-34474808.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/746/48/7464832_108:0:1812:1278_1920x0_80_0_0_4d97666032fc2e53401bbc50722f85cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, полиция
90 мыңға жуық жүргізуші автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы 90 мыңға жуық жүргізуші автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді, деп хабарлады
Polisia.kz. Автокөлікті несиеге сатып алу кезінде азаматтарға сатып алынатын автокөлікке кепілдікті тіркеу қажет болады. Бұған дейін сол үшін облыс орталығына барып, полицияға тіркелу үшін кепілдік шарттарының бірнеше қағаз данасын тапсырып, содан соң оларды банкке қайта апару керек болатын. Бұл процесс 3-4 күнге дейін созылып, автокөлік иелері үшін қолайсыздық туғызды.
Автокөліктен кепілдікті алу кезінде де банктен несиені толық өтегені туралы жазбаша растау қағазын алу қажет болды, содан кейін оны полицияға тапсыру міндетті еді.
"Аталмыш процесті жеңілдету үшін ІІМ полиция қызметін қағазбастылықтан арылтып, цифрландыру аясында кепілдікті тіркеу қызметін онлайн-режимге ауыстырды. Қазір тек банктің қосымшасында авторизациядан өтіп, құжаттарға цифрлық қолтаңбамен қол қою жеткілікті", - деп жазылған хабарламада.
Содан кейін автокөліктің кепілдігі ІІМ деректер базасында автоматты түрде тіркеледі.
Енді азаматтар полиция мен банктерге бармай-ақ, кепілдікті 5 минут ішінде тіркеп немесе тіркеуден алып тастай алады. Ал кепілдік шарты және оны тіркеу туралы куәліктің электронды көшірмелері автокөлік иелерінің смартфондарында әрқашан қолжетімді болады.