Кремльге дрондармен шабуыл жасалды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Путиннің Кремль резиденциясына соққы жасамақ болған ұшқышсыз аппараттар істен шығарылды, деп хабарлады РИА Новости.
"Екі ұшқышсыз ұшатын аппарат Кремльге шабуылдады. Әскерилер мен арнайы қызметтердің дер кезінде қабылдаған шараларының нәтижесінде радиолокациялық күрес жүйелері арқылы аппараттар істен шығарылды", - деп мәлімдеді Путин әкімшілігі.
Ведомствоның мәліметінше, шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. Ресей президентінің жұмыс кестесі өзгермеген.
Ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасаған кезде Путин Кремльде болмаған. Ол Мәскеу түбіндегі Ново-Огаревтегі резиденциясында болды, деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Оның айтуынша, 9 мамырда Қызыл алаңда парад өткізу жоспары өзгермеген.
Дрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2022
Қоғам
Астанада қорғаныс министрлігінің маңында дрон ұшырған екі ресейлік ұсталды
Жаңалықтар
0