Шығыс Қазақстанда студент пен оқушы қыздың өлімі бойынша тергеу басталды

© Sputnik / Табылды КадырбековБумажная деловая папка, архивное фото
Бумажная деловая папка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында студент пен оқушы қыз белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды YK-news.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Алтай қаласында студент бала, ал Риддерде оқушы қыз көз жұмды. Жасөспірімдердің қалай қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Облыстық білім беру басқармасы екі қаладағы трагедияны растады.
"Кәмелет жасқа толмағандардың қайтыс болғанын растаймыз. Біреуі студент, екіншісі – 6-сыныпта оқитын қыз. Екеуі де оқу сабақ кезінде емес, демалыс күндері қайтыс болған. Ол кезде барлық балалар үйде болды", - дейді басқарма басшысының орынбасары Алима Ақылбек.
Әзірше, трагедияның мән-жайы белгісіз. Білім басқармасының мамандары суицидті растаған жоқ. Қазіргі кезде полиция тергеу шараларын бастады.
Жаңалықтар
0