https://sputnik.kz/20230503/resey-arnayy-askeri-operatsiyada-zhosparlaushy-bombalardy-qoldandy-34765099.html
Ресей арнайы әскери операцияда жоспарлаушы бомбаларды қолданды
Ресей арнайы әскери операцияда жоспарлаушы бомбаларды қолданды
Sputnik Қазақстан
Ресей әскери-ғарыш күштерінің басқарылатын жоспарлаушы бомбаларды жаппай қолдануы Украина армиясының жауынгерлік әлеуетін әлсіретіп, Киев режимін "қарсы... 03.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-03T22:35+0500
2023-05-03T22:35+0500
2023-05-11T11:35+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16821260_0:222:2853:1827_1920x0_80_0_0_0b7a588af519f5161ef46b8bb20dd65b.jpg
Ресей әскери-ғарыш күштерінің басқарылатын жоспарлаушы бомбаларды жаппай қолдануы Украина армиясының жауынгерлік әлеуетін әлсіретіп, Киев режимін "қарсы шабуылда" табысқа жету мүмкіндігінен айырды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Украина Қарулы күштерінің авиациясы мен әуе қорғанысы азайып, жаяу әскер тығырыққа тірелді, броньдалған машиналар елді мекендерде бой тасалап отыр. Сондықтан украин армиясының кез келген операция аймағындағы әскери қимылдарының күшеюі Батыс жеткізген барлық әскери техниканың жойылуына әкеледі. Өйткені арнайы әскери операция кезінде Ресей ең қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің өндірісін бірнеше рет арттырды.АҚШ пен НАТО 250, 500 және 1500 килограмм калибрлі ресейлік басқарылатын жоспарлаушы бомбалардың арнайы әскери операция аймағында жаппай қолданылуына қатты алаңдайды. Себебі Украина Қарулы күштерінің бұл бомбаларға қарсы қорғаныс шаралары жоқ.Ресейлік "Валькирия" қанатты ұшағында жүздеген килограмм жарылғыш заттан басқа спутниктік навигация бар және ол тастау нүктесінен 70 километрге дейінгі қашықтықта нысанаға дәл тиеді, яғни тасымалдаушы ұшақ қарсы тараптың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің ықпал ету мауғанын тыс орналасады."Басқарылатын авиабомбалардың жауынгерлік тиімділігі дәлдігі жоғары зымыран қаруымен теңеседі. Оның төмен бағасы мұндай оқ-дәрілерді Ресей Федерациясының бюджетіне көп жүктемесіз тоқтаусыз пайдалануға мүмкіндік береді", - деп жазды Хроленко.Украина армиясының С-300 зениттік зымыран кешендері (кеңестік өндіріске жатады) 400 километрге дейінгі қашықтықта нысаналарға дөп тие алатын дәл қазіргі ресейлік С-400 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне немесе Р-37M авиациялық гипердыбысты зымырандарға қарағанда 100 километрге дейінгі қашықтықпен шектелген.Сондықтан Ресей әскери-ғарыш күштерінің бомбалаушы ұшақтары қарсы тараптың позициялары мен материалдық-техникалық базасын тәулік бойы қиратып жатыр. Биылғы сәуірде Украина армиясы 15 мыңнан астам жауынгерінен, сондай-ақ 430 танк пен броньдалған көліктен, 225 артиллериялық қондырғыдан және жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің 18 дана қондырғысынан айырылды.Military Watch мәліметі бойынша, "майдан шебінен өте жасалған соққылар" Украинаның соғыс жүргізу мүмкіндігін айтарлықтай шектеді. Павлоградтағы теміржол торабы мен қоймаларға бағытталған ресейлік бір ғана жаппай соққысы SъС-300 зениттік зымыран жүйесінің екі дивизиясын, "Гром-2" жедел-тактикалық зымыран кеешеніне арналған баллистикалық зымырандарды, Украина Қарулы күштерінің жүздеген тонна оқ-дәрісін жойды. Америкалық басылым Ресей Украинаның құнды қару-жарақтары мен оқ-дәрілер қоймаларын аяусыз қиратып жатқанын жазды.Бұған дейін Польша Қарулы күштері Бас штабының басшысы Раймунд Анджейчак Украинаның жеңістен өте алыста екенін, оның ресурстары мен Батыстың әскери әлеуеті тез азайып бара жатқанын, ал Ресейде соғыс қимылдарын жалғастыру үшін шексіз мүмкіндіктер бар екенін мәлімдеген.Американың Киев режиміне жеткізген FIM-92 Stinger тектес бірнеше мың жылжымалы зениттік зымыран кешендері, Украинаға Кеңес Одағы кезінде қолданысқа енген "Бук", "Тор", С-300 зениттік зымыран кешендерін жөнелтуі және жекелеген батыстық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арнайы әскери операция аймағында ресейлік гравитациялық бомбаларды қолдану үшін белгілі бір кедергілер тудырды."Сондықтан Ресей әскери-ғарыш күштерінің 250 килограмнан 1 500 килограмға дейінгі калибрлі басқарылатын жоспарлаушы авиациялық оқ-дәрілері бұл кедергілерді еңсеруге себеп болды. Бастапқыдағы әртүрлі қуаттағы қанатты реттелетін авиабомбаларды өндіруден бөлек Ресей қорғаныс өнеркәсібі модернизацияланған фугасты авиабомбалардың (ФАБ) көлемін тез ұлғайтты", - деп жазылған мақалада.Жетілдірілген ФАБ-250 (250 кг калибрлі гравитациялық бомба) "қанатты платформа" және инерциялық навигация жүйесімен жабдықталды. Қааанаттандырылған, жоғары дәлдіктегі ФАБ-250 бомбалаушы ұшақтан сағатына 800-900 километр жылдамдықпен ажырайды және 80 километрге дейінгі қашықтықта нысанаға жетуді жоспарлайды.Хроленконың мәліметінше, 1962 жылғы жаңартылған ресейлік ФАБ-500 авиабомбасы да жайылатын қанаты мен тіректі артқы бөлігі бар қосымша басқару және түзету модулін иеленді. Бұл қосалқы мүмкіндіктер оны жоспарлаушы, дәлдігі жоғары авиабомбаға айналдырды. Су-34 жойғыш бомбалаушы ұшағы 24 дана FAB-250 авиабомбасын немесе 14 дана 500 килограмм калибрлі бомбаны немесе 1,5 тонналық үш бомбаны тасымалдауға қабілетті.Барлық калибрдегі авиабомбалар Су-30СМ және Су-35 көп мақсатты жойғыш ұшақтарымен, Су-34 бомбалаушы ұшақтарымен және Су-25 шабуылдаушы ұшақтарымен үйлесімді етіп дайындалған.2 мамырдағы Конгресс тыңдалымында АҚШ қорғаныс министрінің халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі Селеста Валландер былай деп мәлімдеді: "Біз Ресейдің әскери әлеуетін жете бағаламау арқылы қателеспеуіміз керек. Өйткені мұндай қателіктің бағасы тым жоғары".Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16821260_61:0:2792:2048_1920x0_80_0_0_c1240f6e6602547be2d06d0a9f734410.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресей әскери-ғарыш күштерінің басқарылатын жоспарлаушы бомбаларды жаппай қолдануы Украина армиясының жауынгерлік әлеуетін әлсіретіп, Киев режимін "қарсы шабуылда" табысқа жету мүмкіндігінен айырды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина Қарулы күштерінің авиациясы мен әуе қорғанысы азайып, жаяу әскер тығырыққа тірелді, броньдалған машиналар елді мекендерде бой тасалап отыр. Сондықтан украин армиясының кез келген операция аймағындағы әскери қимылдарының күшеюі Батыс жеткізген барлық әскери техниканың жойылуына әкеледі. Өйткені арнайы әскери операция кезінде Ресей ең қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің өндірісін бірнеше рет арттырды.
АҚШ пен НАТО 250, 500 және 1500 килограмм калибрлі ресейлік басқарылатын жоспарлаушы бомбалардың арнайы әскери операция аймағында жаппай қолданылуына қатты алаңдайды. Себебі Украина Қарулы күштерінің бұл бомбаларға қарсы қорғаныс шаралары жоқ.
Ресейлік "Валькирия" қанатты ұшағында жүздеген килограмм жарылғыш заттан басқа спутниктік навигация бар және ол тастау нүктесінен 70 километрге дейінгі қашықтықта нысанаға дәл тиеді, яғни тасымалдаушы ұшақ қарсы тараптың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің ықпал ету мауғанын тыс орналасады.
"Басқарылатын авиабомбалардың жауынгерлік тиімділігі дәлдігі жоғары зымыран қаруымен теңеседі. Оның төмен бағасы мұндай оқ-дәрілерді Ресей Федерациясының бюджетіне көп жүктемесіз тоқтаусыз пайдалануға мүмкіндік береді", - деп жазды Хроленко.
Украина армиясының С-300 зениттік зымыран кешендері (кеңестік өндіріске жатады) 400 километрге дейінгі қашықтықта нысаналарға дөп тие алатын дәл қазіргі ресейлік С-400 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне немесе Р-37M авиациялық гипердыбысты зымырандарға қарағанда 100 километрге дейінгі қашықтықпен шектелген.
Сондықтан Ресей әскери-ғарыш күштерінің бомбалаушы ұшақтары қарсы тараптың позициялары мен материалдық-техникалық базасын тәулік бойы қиратып жатыр. Биылғы сәуірде Украина армиясы 15 мыңнан астам жауынгерінен, сондай-ақ 430 танк пен броньдалған көліктен, 225 артиллериялық қондырғыдан және жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің 18 дана қондырғысынан айырылды.
Military Watch мәліметі бойынша, "майдан шебінен өте жасалған соққылар" Украинаның соғыс жүргізу мүмкіндігін айтарлықтай шектеді. Павлоградтағы теміржол торабы мен қоймаларға бағытталған ресейлік бір ғана жаппай соққысы SъС-300 зениттік зымыран жүйесінің екі дивизиясын, "Гром-2" жедел-тактикалық зымыран кеешеніне арналған баллистикалық зымырандарды, Украина Қарулы күштерінің жүздеген тонна оқ-дәрісін жойды. Америкалық басылым Ресей Украинаның құнды қару-жарақтары мен оқ-дәрілер қоймаларын аяусыз қиратып жатқанын жазды.
Бұған дейін Польша Қарулы күштері Бас штабының басшысы Раймунд Анджейчак Украинаның жеңістен өте алыста екенін, оның ресурстары мен Батыстың әскери әлеуеті тез азайып бара жатқанын, ал Ресейде соғыс қимылдарын жалғастыру үшін шексіз мүмкіндіктер бар екенін мәлімдеген.
Американың Киев режиміне жеткізген FIM-92 Stinger тектес бірнеше мың жылжымалы зениттік зымыран кешендері, Украинаға Кеңес Одағы кезінде қолданысқа енген "Бук", "Тор", С-300 зениттік зымыран кешендерін жөнелтуі және жекелеген батыстық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арнайы әскери операция аймағында ресейлік гравитациялық бомбаларды қолдану үшін белгілі бір кедергілер тудырды.
"Сондықтан Ресей әскери-ғарыш күштерінің 250 килограмнан 1 500 килограмға дейінгі калибрлі басқарылатын жоспарлаушы авиациялық оқ-дәрілері бұл кедергілерді еңсеруге себеп болды. Бастапқыдағы әртүрлі қуаттағы қанатты реттелетін авиабомбаларды өндіруден бөлек Ресей қорғаныс өнеркәсібі модернизацияланған фугасты авиабомбалардың (ФАБ) көлемін тез ұлғайтты", - деп жазылған мақалада.
Жетілдірілген ФАБ-250 (250 кг калибрлі гравитациялық бомба) "қанатты платформа" және инерциялық навигация жүйесімен жабдықталды. Қааанаттандырылған, жоғары дәлдіктегі ФАБ-250 бомбалаушы ұшақтан сағатына 800-900 километр жылдамдықпен ажырайды және 80 километрге дейінгі қашықтықта нысанаға жетуді жоспарлайды.
Хроленконың мәліметінше, 1962 жылғы жаңартылған ресейлік ФАБ-500 авиабомбасы да жайылатын қанаты мен тіректі артқы бөлігі бар қосымша басқару және түзету модулін иеленді. Бұл қосалқы мүмкіндіктер оны жоспарлаушы, дәлдігі жоғары авиабомбаға айналдырды. Су-34 жойғыш бомбалаушы ұшағы 24 дана FAB-250 авиабомбасын немесе 14 дана 500 килограмм калибрлі бомбаны немесе 1,5 тонналық үш бомбаны тасымалдауға қабілетті.
Барлық калибрдегі авиабомбалар Су-30СМ және Су-35 көп мақсатты жойғыш ұшақтарымен, Су-34 бомбалаушы ұшақтарымен және Су-25 шабуылдаушы ұшақтарымен үйлесімді етіп дайындалған.
2 мамырдағы Конгресс тыңдалымында АҚШ қорғаныс министрінің халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша көмекшісі Селеста Валландер былай деп мәлімдеді: "Біз Ресейдің әскери әлеуетін жете бағаламау арқылы қателеспеуіміз керек. Өйткені мұндай қателіктің бағасы тым жоғары".
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.