https://sputnik.kz/20230503/qyzylordalyqtardy-15-mlrd-tengege-aldagan-alayaqtar-sottaldy-34523623.html
Қызылордалықтарды 1,5 млрд теңгеге алдаған алаяқтар сотталды
Қызылордалықтарды 1,5 млрд теңгеге алдаған алаяқтар сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қызылорда қаласының №2 сотында "Выгодный Займ" ЖШС мен "Гарант 24 ломбард" ЖШС басшысы және оның сыбайластарына қатысты үкім... 03.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-03T21:12+0500
2023-05-03T21:12+0500
2023-05-03T21:12+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_43670f669029685dbede4eb5e60b24cf.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қызылорда қаласының №2 сотында "Выгодный Займ" ЖШС мен "Гарант 24 ломбард" ЖШС басшысы және оның сыбайластарына қатысты үкім шығарылды. 4 адам аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін айыпталған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы және оның үш сыбайласы Қызылорда қаласында алты айдың ішінде 1 259 адамды 1 миллиард 561 миллион теңгеге алдаған. Істі қарау кезінде мүліктік залал өндіру туралы талаптан бас тартқан жәбірленушілер де болды. Ал сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіскен жоқ. Бірақ олардың кінәсі нақты құжаттар мен сараптама қорытындысы бойынша дәлелденді. Куәгерлердің жауаптары да назарға алынды.Сот үкімімен қаржы пирамидасының басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылса, сыбайластары 7 жылға сотталды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20230328/almaty-qnet-qarzhy-piramida-kudikti-33314195.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_ec388095f407e1d42b5537e42bdbcc39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Қызылордалықтарды 1,5 млрд теңгеге алдаған алаяқтар сотталды
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қызылорда қаласының №2 сотында "Выгодный Займ" ЖШС мен "Гарант 24 ломбард" ЖШС басшысы және оның сыбайластарына қатысты үкім шығарылды. 4 адам аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін айыпталған болатын, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы және оның үш сыбайласы Қызылорда қаласында алты айдың ішінде 1 259 адамды 1 миллиард 561 миллион теңгеге алдаған. Істі қарау кезінде мүліктік залал өндіру туралы талаптан бас тартқан жәбірленушілер де болды. Ал сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіскен жоқ. Бірақ олардың кінәсі нақты құжаттар мен сараптама қорытындысы бойынша дәлелденді. Куәгерлердің жауаптары да назарға алынды.
Сот үкімімен қаржы пирамидасының басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылса, сыбайластары 7 жылға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.