Қостанай облысындағы өрт: орман шаруашылығы экс-басшысына қандай айып тағылып отыр

© Photo : Оперативный штаб МЧС РКЛесные пожары в Костанайской области тушат 196 единиц техники, 7 воздушных судна, 5 пожарных поезда, 1526 человек личного состава
Лесные пожары в Костанайской области  тушат 196 единиц техники, 7 воздушных судна, 5 пожарных поезда, 1526 человек личного состава - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Қостанайдың №2 сотында Басаман орман шаруашылығы мекемесінің экс-басшысы Асхат Жақашевқа қатысты іс қарала бастады, деп хабарлайды Alau.kz.
Асхат Жақашевқа өз лауазымын асыра пайдаланып, 2020-2022 жылдар аралығында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды. Прокурордың айтуынша, ол сеніп тапсырылған орман алқабында ағаш кесуге арналған учаскелерді бөліп, таратқан.
"Басаман орман шаруашылығы мекемесінің орман алқабында, қандай да бір шектеулер мен тыйымдарға қарамастан, өрт қауіпті кезеңді ескерместен, ағаш кесу және дайындау жұмыстарын жасауға бригадаларға рұқсат берген. Ағаш кесушілердің арнайы билеті мен рұқсаты болмаған. Бұл заңсыз жұмыс жоспарлы түрде жүргізілген", - дейді мемлекеттік айыптаушы Таңат Тасов айтты.
Жақашев өзінің орманшылығына үшінші тарап бригадаларын қосымша жұмысқа алған. Ал бұл бригадалар мекеме мүддесі үшін ешбір жұмыс атқармаған. Жеке басының пайдасы үшін жасалған жұмыс қаражаты Асхат Жақашевтың жеке өз шотына түсіп отырған.
"2020 жылдан 2022 жылға дейін жоғарыда аталған ағаш дайындаушылардан Жақашевтің карточкалық шотына 15 миллион 865 мың теңге түсті. Өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануды жалғастыра отырып, 2022 жылдың тамызында заңды негіздері жоқ, рұқсат құжаттарынсыз және ақы төлеусіз ағаш кесу жұмыстарын жүргізуге бригадаларға рұқсат берген", - деді Тасов.
Өткен жылдың тамыз айында ғана жеке бригадалар Басаман орман алқабында құны он миллион теңгеден астам ағашты кескен. Ағаш кесушілер техниканы, машиналар мен тракторларды, соның ішінде ақауы бар және жалын сөндіргіштермен жабдықталмаған техникалармен жұмыс істеген. Бұл кезең дәл өртке қауіпті кезең болған.
"Тракторшы Рапейко Кондратьев орманшылығында заңсыз жүрген. Ол МТЗ-82 маркалы тракторды басқарған, трактордың ұшқын сөндіргіші болмаған. Рапейко 30, 31 ауданында орман алқабына тікелей жақын жүрген. Салдарынан трактордан ұшқын ұшып, орманның өртенуіне әкеп соқты",- делінген айыптау мәтінінде.
Айта кетейік, 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанайда орман өртеніп кетті. Өрттің жайылуына боран да әсер еткен. Салдарынан тілсіз жау екі күнде 43 мың гектар жерді күлге айналдырды. Өрттен 12 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты. Мемлекетке 22 миллиард теңгеге залал келтірілді.
Жаңалықтар
0