https://sputnik.kz/20230503/politsiya-ush-balasyn-oltirgen-er-adamga-qatysty-aqparatty-zhoqqa-shygary-34517038.html
Полиция үш баласын өлтірген ер адамға қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Полиция үш баласын өлтірген ер адамға қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облыстық полиция департаменті үш баласын өлтіргені үшін ұсталған ер адамның "Жусан" операциясы аясында Сириядан қайтып... 03.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-03T13:49+0500
2023-05-03T13:49+0500
2023-05-03T14:23+0500
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облыстық полиция департаменті үш баласын өлтіргені үшін ұсталған ер адамның "Жусан" операциясы аясында Сириядан қайтып келгенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін "Koremiz" бағдарламасына сұхбат берген учаскелік инспектор ұсталған ер адамның Сирияда болғанын және "Жусан" операциясы аясында елге қайтып келгенін айтқан. Сондай-ақ деструктивті көзқарасы бар адам ретінде есепте тұрғанын жеткізді. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айта кетері, наурыз айында Ақтау қаласының 27 шағын ауданындағы үйдің пәтерінен 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіттері табылды. Оларды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы әкесі ұсталды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі
Полиция үш баласын өлтірген ер адамға қатысты ақпаратты жоққа шығарды
13:49 03.05.2023 (жаңартылды: 14:23 03.05.2023) АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облыстық полиция департаменті үш баласын өлтіргені үшін ұсталған ер адамның "Жусан" операциясы аясында Сириядан қайтып келгенін жоққа шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұған дейін
"Koremiz" бағдарламасына сұхбат берген учаскелік инспектор ұсталған ер адамның Сирияда болғанын және "Жусан" операциясы аясында елге қайтып келгенін айтқан. Сондай-ақ деструктивті көзқарасы бар адам ретінде есепте тұрғанын жеткізді.
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Учаскелік полиция инспекторының наурыз айында балаларын өлтірген Ақтау тұрғыны қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі "Жусан" бағдарламасының қатысушысы болғандығы және есепте тұрғандығы туралы түсініктемесі қайтадан тексерілді. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігі анықталды. Осыған байланысты қызметкермен алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді департаменті мамандары.
Айта кетері, наурыз айында Ақтау қаласының 27 шағын ауданындағы үйдің пәтерінен 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіттері табылды. Оларды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы әкесі ұсталды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.