Менделеев олимпиадасына қатысушылар химияны оқытудағы эксперименттің рөлі туралы айтты

© Sputnik / Владислав Воднев"Химияны заманауи оқытудағы эксперименттің орны мен рөлі" атты дөңгелек үстел
Химияны заманауи оқытудағы эксперименттің орны мен рөлі атты дөңгелек үстел  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
Астанада өтіп жатқан Халықаралық Менделеев олимпиадасы аясында мұғалімдерге арналған түрлі іс-шаралар, соның ішінде дөңгелек үстелдер, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылды
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. "Nurorda" мектеп-лицейінің базасында химия пәні мұғалімдеріне арналған "Химияны заманауи оқытудағы эксперименттің орны мен рөлі" атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.
Спикерлер болашақ олимпиада қатысушыларын дайындау туралы практикалық дағдылармен бөлісті. Дөңгелек үстелге әлемнің 21 елінен келген барлық құрама команданың жетекшілері қатысты.
"Бүгінгі пікір алмасу химия саласындағы, соның ішінде балаларды әлемдік қана емес, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға да дайындаудағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі деп сенемін", - деді "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының педагогикалық шеберлік зертханасының меңгерушісі Айгүл Қарқұлова.
© Sputnik / Владислав Воднев"Химияны заманауи оқытудағы эксперименттің орны мен рөлі" атты дөңгелек үстел, Астана
Круглый стол Национальные системы подготовки школьников к химическим олимпиадам для руководителей и тренеров команд участников Менделеевской олимпиады, Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
"Химияны заманауи оқытудағы эксперименттің орны мен рөлі" атты дөңгелек үстел, Астана
Мәскеу мемлекеттік университеті химия факультетінің қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Сергей Ивашконың айтуынша, қазіргі таңда мектептер химиялық зертханамен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген.
"Химия пәнін оқытудағы қажетті құрал-саймандар базасы күрделеніп, әдістемелер жетілдіріліп жатыр. Сондықтан қанша жақсы мектеп болса да, оларда химияның түрлі саласы бойынша оқушыны сауатты дайындауға база жетіспейді. Себебі мектеп оқушыларды бастапқы даярлауға бағытталған. Теорияны жақсы білетіндер дарынды балалар саналады", - дейді Ивашко.
Ол тәжірибелік даярлаудың міндеті балаларға не болып жатқанын көруді, оның қалай болатынын түсінуді, заттармен жұмыс істеу технологиясын үйрету екенін атап өтті.
"Тәжірибелік жұмыс – бұл химикті дұрыс дайындаудың негізгі буыны. Ал халықаралық олимпиадалардың, практикалық турлардың міндеті – затты синтездеу, оны талдау, затты тазарту. Мұнда ескерілуі керек тұстар өте көп. Ол үшін әрине дағды керек. Білу және орындай алу аз, дағды қажет", - деді ол.
Дөңгелек үстел аясында "Nurоrda" мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, химия пәнінің мұғалімі Дамир Балмасов әріптестерімен оқушыны химияға баулу туралы идеяларымен бөлісті.
"Дарынды балалар оқушылар санының 5%-ін құрайды. Сондықтан біздің алдымызда қалған оқушыларды осы пәнге қалай қызықтыру керек деген сауал тұр. Кейде олардың пәнге деген қызығушылығын ояту үшін тәжірибелік бөлім, эксперимент жеткіліксіз болуы мүмкін. Оқыту барысында өміріміздің барлық саласын қолдануға болады: бұл әлеуметтік желілер, түрлі цифрлық технологиялар, оқушының нені жақсы көретінін, хоббиін ескеру қажет", - деді Балмасов.
Оның айтуынша, балаға химияның тек зертханаларда жүрмейтінін және формулаларда ғана болмайтынын жеткізу маңызды. Химия айналамызда, күнделікті өмірде тұнып тұр. Мұғалім табиғаттың өзі химияға толы екеніне сенімді.
"Химияны оқыту тек кітаппен, зертханамен шектеліп қалмауы керек. Әр адамның өз хоббиі бар. Сондықтан мұғалім оқу процесіне оқушының жеке қызығушылығын біріктіруі керек. Кез келген пәнді басқа призма арқылы оқытуға мүмкіндік мол. Музыка, арт, өнер оқушылар үшін химияны әлдеқайда қызықты ете алады. Ал балалар өздерінің шығармашылық әлеуетін ашып, өзіміз теория жүзінде көп айтатын молекулалардың, атомдардың құрылымын көріп әрі сезіне алады", - деп есептейді Балмасов.
Ол мектепте балаға химияны толық оқыту мүмкін емес екенін, бірақ болашақта оқушының өзі осы ғылымды меңгеруіне қажетті қызығушылықты оятуға болатынын айтты.
Еске салсақ, Астанада 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жылы олимпиадаға әлемнің 21 елінен келген 116 оқушы қатысып жатыр және олар ұлттық жарыстардың чемпиондары.
Жаңалықтар
0