Мамырда екі ауданда құрғақшылық басталады – Қазгидромет
© Photo : СС0 / klimkinЖара
© Photo : СС0 / klimkin
Жазылу
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Мамыр айында екі Қызылорда облысының екі ауданында құрғақшылық басталады деген болжам бар.
Қазгидромет таратқан ақпаратқа сәйкес, егін егілетін аймақтардың басым бөлігінде ылғалдану деңгейі нормаға жақын болады.
"Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахан аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Катонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында оңтайлы ылғалдану жағдайы болжанады", - дейді синоптиктер.
Алайда Қызылорда облысының екі ауданында құрғақшылық басталуы мүмкін.
"Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылықтың басталуы күтілуде, мұнда мамыр айында жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылауы болжанып отыр", - делінген ресми хабарламада.
Басқа аймақтарда ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық болады.