Мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету тоқтатылды

© Photo : mvd.gov.kzМамандандырылған ХҚКО
Мамандандырылған ХҚКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстанның мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылды, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
2-3 мамыр күндері барлық ХҚКО орталықтарындағы қызметтер тоқтап қалды. Өйткені деректерді өңдеу орталығында апат болған. Мемлекеттік корпорация мамандары проблеманы жоюмен айналысып жатыр.
Мамыр мерекелеріне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді.
Сенбі күні, 6 мамырда кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ғана жұмысқа шығады – азаматтарға сағат 13:00-ге дейін қызмет көрсетіледі.
Мереке күндері аяқталғаннан кейін – 10 мамырдан бастап барлық орталық әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0