https://sputnik.kz/20230503/frantsiya-qazaqstandagy-aes-zhobasy-boyynsha-yntymaqtastyqqa-dayyn-34491966.html
Франция Қазақстандағы АЭС жобасы бойынша ынтымақтастыққа дайын
Франция Қазақстандағы АЭС жобасы бойынша ынтымақтастыққа дайын
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Франция Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді, деп хабарлады... 03.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-03T09:00+0500
2023-05-03T09:00+0500
2023-08-10T10:32+0500
франция
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26462303_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_4c7df3ca1e94617167988143e77edd90.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Франция Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді, деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Тараптар жаңартылатын энергия көздерін дамыту, декарбонизациялау бойынша кешенді мақсаттарға қол жеткізу және Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылағаны атап өтілді. Сондай-ақ министрлер Мирный қаласындағы 1 ГВт жел электр станциясы жобасындағы соңғы жетістіктерді, осы ынтымақтастықтың негізі болған 2023 жылғы 29 сәуірде Қазақстанның энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ және Total Eren компаниясы арасындағы келісімді құптады. Энергетика министрлігі хабарлағандай, кездесу қорытындысы бойынша "Мирный" жобасын жүзеге асыру аясында электр энергиясының тарифіне қатысты қол жеткізілген келісімдер туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26462303_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_8acbdbb47b8ef959facdb1281d72d038.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция, қр энергетика министрлігі
франция, қр энергетика министрлігі
Франция Қазақстандағы АЭС жобасы бойынша ынтымақтастыққа дайын
09:00 03.05.2023 (жаңартылды: 10:32 10.08.2023) АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Франция Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді, деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Кездесу барысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту келешегі талқыланды. Француз тарапы Қазақстанда бірінші АЭС-ті салу жобасын жүзеге асыруда, сондай-ақ шағын модульдік реакторларды дамыту келешегін зерделеу бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді", - деп жазылған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің министр-делегат, Қазақстан – Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бехтпен кездесу қорытындысы бойынша хабарламада.
Тараптар жаңартылатын энергия көздерін дамыту, декарбонизациялау бойынша кешенді мақсаттарға қол жеткізу және Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылағаны атап өтілді.
Сондай-ақ министрлер Мирный қаласындағы 1 ГВт жел электр станциясы жобасындағы соңғы жетістіктерді, осы ынтымақтастықтың негізі болған 2023 жылғы 29 сәуірде Қазақстанның энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ және Total Eren компаниясы арасындағы келісімді құптады.
Энергетика министрлігі хабарлағандай, кездесу қорытындысы бойынша "Мирный" жобасын жүзеге асыру аясында электр энергиясының тарифіне қатысты қол жеткізілген келісімдер туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.