Алматыда Baiqonyr халықаралық кинофестивалі өтеді

© Photo : BAIQONYR кинофестивалінің баспасөз қызметі.BAIQONYR халықаралық кинофестивалі сегізінші рет өтеді
BAIQONYR халықаралық кинофестивалі сегізінші рет өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
VIII BAIQONYR Film Festival конкурстық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 5 мамырда басталады
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. 2023 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі сегізінші рет өтеді, деп хабарлады фестивальдің баспасөз қызметі.
Кинофестивальдің миссиясы – кинематографтың дамуына жәрдемдесу, талантты авторларды қолдау және қазақстандық мәдениетті әлемдік кино қоғамдастығына ықпалдастыру.
Биылғы жылдың басты тосынсыйы – 8-ші кинофестивальге қысқаметражды ғана емес, сонымен қатар дебюттік толықметражды фильмдер да қатысады.
Фестиваль осы уақытқа дейін мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өтіп келеді.
Baiqonyr-2023 байқау бағдарламасы аясында "Халықаралық дебюттік толықметражды көркем фильмдердің байқауы", "Халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы" және "Ұлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы" өткізіледі.
Конкурстан тыс ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумы өтеді, оның жұмысына 30-дан астам шетелдік маман қатысады. Танымал режиссерлер мен актерлердің шеберлік сағаттары, воркшоптары мен дәрістері; киноиндустрияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
VIII BAIQONYR Film Festival конкурстық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 5 мамырда басталады.
Халықаралық конкурстарға өтінімдер 1 шілдеге дейін, Ұлттық конкурстарға 1 тамызға дейін қабылданады.
Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.
Жаңалықтар
0