https://sputnik.kz/20230503/5-kunde-500-shaqyrym-qazaqstannyn-askeri-qyzmetshisi-rekord-zhasauga-bel-budy-34492402.html
5 күнде 500 шақырым: Қазақстанның әскери қызметшісі рекорд жасауға бел буды
5 күнде 500 шақырым: Қазақстанның әскери қызметшісі рекорд жасауға бел буды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының әскери қызметшісі, ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым 500 шақырымды бес күнде жүгіріп... 03.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-03T09:26+0500
2023-05-03T09:26+0500
2023-05-03T09:26+0500
әскери қызметкер
рекорд
https://sputnik.kz/img/07e7/05/02/34489838_0:257:2730:1793_1920x0_80_0_0_e1fb0ce02e206bd98bd04a419b1742d6.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының әскери қызметшісі, ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым 500 шақырымды бес күнде жүгіріп өтпекші. Осы мақсатын орындаса, Қазақстанның рекордтар кітабына енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әскери қызметшісі өзінің ультрамарафонын Балқаш қаласының маңындағы Ақжал ауылынан бастады. Бағыты - "Ақжал – Ақсу-Аюлы – Ақсу – Қарағанды – Осакаровка – Астана". Спортшы күніне жүз шақырым жүгіріп, 6 мамырда елордаға жетуді көздейді. Ультрамарафон Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналып отыр. Әскер спортшысы демеушілерге, соның ішінде марафонды тамақтандыруды және медициналық қолдауды ұйымдастырған "Хан Сұлтан" спорт клубының өкілдеріне, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Ультрамарафонның нәтижесін Қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркейтін болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/02/34489838_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_303ee563b7096a40df65f5efe8030428.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, рекорд
5 күнде 500 шақырым: Қазақстанның әскери қызметшісі рекорд жасауға бел буды
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының әскери қызметшісі, ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым 500 шақырымды бес күнде жүгіріп өтпекші. Осы мақсатын орындаса, Қазақстанның рекордтар кітабына енеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әскери қызметшісі өзінің ультрамарафонын Балқаш қаласының маңындағы Ақжал ауылынан бастады. Бағыты - "Ақжал – Ақсу-Аюлы – Ақсу – Қарағанды – Осакаровка – Астана". Спортшы күніне жүз шақырым жүгіріп, 6 мамырда елордаға жетуді көздейді. Ультрамарафон Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналып отыр.
"Марафон оңай болмасы анық. Дегенмен, менің міндетім – күшімді есеппен жұмсап, тапсырманы орындау. Ең бастысы, маған сенім білдіргендердің, тәлімгерлер мен әріптестердің үмітін ақтауға тырысамын", – дейді Әбдіхайым.
Әскер спортшысы демеушілерге, соның ішінде марафонды тамақтандыруды және медициналық қолдауды ұйымдастырған "Хан Сұлтан" спорт клубының өкілдеріне, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Ультрамарафонның нәтижесін Қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркейтін болады.