10 маусымға дейін Екібастұздағы барлық үйге ыстық су беріледі

© PhotoДуш, горячая вода
Душ, горячая вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2023
Жазылу
Кеншілер қаласының жылыту жүйесінен 269 ақау табылған. Оның 34 магистральдік және 235 орамішілік, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс басшысы Асайын Байханов Екібастұздағы жылу желілерін жөндеу барысын тексерді.
Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша кеншілер қаласында 269 ақау анықталды. Оларды жою жұмыстары басталған. Мұнда 25 бригада желілерді жөндеу мен ауыстыруды кезең-кезеңімен орындап жатыр.
"15 мамырға дейін желілерді жөндеудің бірінші кезеңін аяқтап, 137 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарлануда. Содан кейін 25 мамырға дейін 221 КТҮ және 246 КТҮ 10 маусымға дейін қосу көзделуде. Үйлерге ыстық су беру тізімі ЕЖЭО телеграм-каналында жарияланады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ЖМ-5 және ЖМ-12 магистральдық құбырларын қайта құру жұмыстары басталды. Қазір ескі желілерді бөлшектеу және басқа да дайындық шаралары жүргізілуде. Барлығы төрт жылу магистралі жаңартылады. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда.
Өңір басшысы жылу желілерін жаңарту кезінде тоттанудан қорғауды ескеріп, барлық жұмыстарды қажетті талаптарға сәйкес және екібастұздықтардың үйлерін дер кезінде ыстық сумен қамтамасыз ету үшін уақытылы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0