Жүргізуші куәлігін он бес минуттың ішінде онлайн ауыстыруға болады

© Sputnik / Владислав ВодневЖүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 167 мың адам жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды.
"Онлайн-қызметтер іске қосылған сәттен бастап оларды 7 миллионнан астам азамат пайдаланды, оның ішінде 167 мың адам жүргізуші куәлігін ауыстырған", - деп хабарлады Polisia.kz.
Ведомствоның мәліметінше, бұрын жыл сайын ХҚКО-ға қолданылу мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 400 мыңға жуық азамат жүгінетін.
ІІМ бірқатар қызметті цифрландырғаннан кейін қызмет көрсету мерзімі орта есеппен 4-5 есеге қысқарып, ХҚКО-лардағы кезек азайған.
"Сондай-ақ ІІМ жүргізуші куәліктерінің қолданылу мерзімі өтуге жақындаған кезде оларды уақтылы ауыстыру қажеттігі туралы еске салатын SMS және push-хабарламаларды жіберу сервисі енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Енді жүргізуші куәлігін онлайн режимде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігін жаңарту үшін осындай қосымшалардың біріне кіріп, биометриялық тексеруден өтіп, өз смартфоныңызға суретке түсу жеткілікті. Өтінім ІІМ дерекқорында өңделгеннен кейін жаңа жүргізуші куәлігі 10-15 минут ішінде автоматты түрде шығарылады.
Азамат ХҚКО-дан жаңа құжатты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ала алады, ал автокөлікті смартфондағы "цифрлық" жүргізуші куәлігі нұсқасы бойынша бірден басқара беруіне болады.
Жаңалықтар
0