Оралда автобус қаққан әйел көз жұмды

© Sputnik/Ляля ЛиловаСкорая помощь
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Орал қаласында автобус 58 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, автобус қаққан әйел көз жұмды. Қайғылы оқиға 1 мамыр күні түсте болған.
"Шамамен сағат 13.00-де 1970 жылғы жүргізуші №19 бағытпен жүретін автобуспен келе жатып, Құрманғазы көшесіндегі "Бибігүл" кафесі тұсындағы аялдамада "Тойота Камри" автокөлігімен соқтығысқан. Содан рульге ие бола алмай, 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел ауруханада қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0