Министр Астанадағы су тапшылығы қалай шешілетінін айтты

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Человек моет руки под краном
Человек моет руки под краном  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова елордадағы су тапшылығын жою үшін қандай жобалар жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, биыл елордаға тұрақты су беру үшін экология министрлі әкімдікпен бірлесіп, 3 жобаны қарастырып отыр. Біріншісі, "Астана су қоймасын толықтыру үшін құрылыстар салу". Ол бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
"Жоба Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Есіл өзенінің арнасына өткізу бейінін тазартумен және қалыптастырумен, сондай-ақ одан Астана Су арнасы сорғы станциясының алаңына дейін тіреуіш қоршау құрылысын және су құбырын сала отырып, арнаға су беруді қамтиды. Құрылыстың болжамды мерзімі 2023-2025 жылдар", - деді Сүлейменова үкімет отырысында.
Бұл жобаны іске асыру Қаныш Сәтбаев атындағы арнадан Астана су қоймасына шамамен 62,3 млнм3 қосымша су беруге мүмкіндік береді. Екіншісі, Астананы сумен жабдықтаудың резервтік көзі ретінде 67 км су құбырын салу және Нұра жерасты сулары кен орнын пайдалану. Бұл бойынша техникалық-экономикалық негіздемені түзету қажет. Сараптаманың оң қорытындысы ұсынылған жағдайда, министрлік жобаны одан әрі іске асырады.
Үшіншісі, Қ.Сәтбаев атындағы арнадан Астана қаласының ҰФС-4-ке дейін су құбырын салу. Бұл жоба елорданы одан әрі ұзақ мерзімді даму перспективасы мен халық санының ұлғаюын ескере отырып қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Осылайша, елорданы сумен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың қысқа мерзімді кешені резервтік жерасты көзін жүргізуді, Есіл өзенінің арнасы бойынша жүру бейінін қалыптастыруды және Қ.Сәтбаев атындағы арнадан су құбырын салуды қамтиды", - деп түсіндірді министр.
Сондай-ақ оның айтуынша, биыл су мөлшерінің аздығы мен одан кейінгі су тапшылығын ескеріп, Қ. Сәтбаев атындағы арнадан Есіл өзені бойынша шамамен 60 млн м3, Нұра өзені бойынша шамамен 95 млн м3 қосымша су беру туралы бірлескен шешім қабылданды. Бұдан бөлек, Астана су қоймасының түбін шамамен 47 млн м3 көлемінде түптік шөгінділерден тазартуды жүзеге асыру қажет.
Жаңалықтар
0