https://sputnik.kz/20230502/mektep-askhanalarynda-kasipkerlerden-aqsha-zansyz-zhinalgan-34470353.html
Мектеп асханаларында кәсіпкерлерден ақша заңсыз жиналған
Мектеп асханаларында кәсіпкерлерден ақша заңсыз жиналған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 мамыр-Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқу-ағарту министрлігіне мектептердегі тамақтану мәселесіне назар аудару қажеттігін айтып... 02.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-02T14:32+0500
2023-05-02T14:32+0500
2023-05-02T14:33+0500
асхана
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553835_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_fce52c44e7da96f5e542015262126ac1.jpg
АСТАНА, 2 мамыр-Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқу-ағарту министрлігіне мектептердегі тамақтану мәселесіне назар аудару қажеттігін айтып түсіндірді, деп хабарлады сейсенбіде ведомствоның баспасөз қызметі.Мектеп асханаларын тамақпен қамтитын кәсіпкерлер келісімшарт жасап, сәйкесінше мәзірді MektepMenu жүйесінде жариялау үшін ақша төлеуге мәжбүр.Мектеп асханасына тамақ жеткізушілер мен бөлшек сауда және тамақтану қауымдастығының өкілдері шағым түсірді.2022 жылдың қараша айынан бастап білім басқармасының ұсынысы бойынша азық-түлік жеткізушілер "NetInfoDistribution" компаниясымен шарт жасасып, мәзірді mektepmenu порталында ақылы негізде жариялай бастаған.Жабдықтаушылар мұндай қызметті төлеу ата-ананың мойнына түсетін қосымша шығын екенін айтты.MektepMenu-ге қол жеткізу үшін кәсіпкерлер 2,5 млн теңгеден астам ақша төлеген. Осыған ұқсас фактілер 7 өңірде анықталды, дейді антикор.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553835_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_c69036a97063a136ffb5730e3b795f8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхана, мектеп
АСТАНА, 2 мамыр-Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқу-ағарту министрлігіне мектептердегі тамақтану мәселесіне назар аудару қажеттігін айтып түсіндірді, деп хабарлады сейсенбіде ведомствоның баспасөз қызметі.
Мектеп асханаларын тамақпен қамтитын кәсіпкерлер келісімшарт жасап, сәйкесінше мәзірді MektepMenu жүйесінде жариялау үшін ақша төлеуге мәжбүр.
Мектеп асханасына тамақ жеткізушілер мен бөлшек сауда және тамақтану қауымдастығының өкілдері шағым түсірді.
"Олардың айтуынша, Kundelik ақпараттық жүйесімен біріктірілген mektepmenu порталында мәзірлер мен тағамдардың фотосуретін орналастыру үшін негізсіз ақша төлеп жүр. Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы бұйрығына сәйкес мектептер тамақтану мәзірін сайтта жариялауы керек", - деп түсіндірді антикор.
2022 жылдың қараша айынан бастап білім басқармасының ұсынысы бойынша азық-түлік жеткізушілер "NetInfoDistribution" компаниясымен шарт жасасып, мәзірді mektepmenu порталында ақылы негізде жариялай бастаған.
Жабдықтаушылар мұндай қызметті төлеу ата-ананың мойнына түсетін қосымша шығын екенін айтты.
MektepMenu-ге қол жеткізу үшін кәсіпкерлер 2,5 млн теңгеден астам ақша төлеген. Осыған ұқсас фактілер 7 өңірде анықталды, дейді антикор.