https://sputnik.kz/20230502/azerbayzhanda-tanymal-zhattyqtyrushy-7-zhastagy-balany-oltirip-aldy--video-34472823.html
Әзербайжанда танымал жаттықтырушы 7 жастағы баланы өлтіріп алды – видео
Әзербайжанда танымал жаттықтырушы 7 жастағы баланы өлтіріп алды – видео
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 мамыр – Sputnik. Әзербайжанда дзюдо және самбо бапкері, екінші Еуро ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов 7 жастағы тәлімгерін өлтіріп қойды, деп... 02.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-02T15:27+0500
2023-05-02T15:27+0500
2023-05-02T15:27+0500
әзербайжан
бапкер
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АЛМАТЫ, 2 мамыр – Sputnik. Әзербайжанда дзюдо және самбо бапкері, екінші Еуро ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов 7 жастағы тәлімгерін өлтіріп қойды, деп хабарлады Vzglyad.az порталы.Қатыгез бапкердің әрекеті Сумгайыт қаласындағы спорт мектебінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мехман Халилов 7 жасар тәлімгері Фарид Бакаровтың шашынан сүйреп, тепкілеген.Сумгайыт қалалық прокуратурасы дзюдо және самбо жаттығулары кезінде баланың ауыр жараланғанын растады.Мехман Халилов балаға қарсы дөрекі және қауіпті әдісті қолданған, нәтижесінде баланың мойын омыртқалары сынған. Жеткіншек қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.Сумгайыт қалалық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 126.3-бабы "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғады. Мехман Халилов күдікті ретінде ұсталып, тергеу жүріп жатыр.29 жастағы Мехмен Халилов 2019 жылы Минскіде өткен II Еуропалық ойындарда самбодан қола медаль жеңіп алды. Ол басқа жергілікті және халықаралық жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетті.
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әзербайжан, бапкер
Әзербайжанда танымал жаттықтырушы 7 жастағы баланы өлтіріп алды – видео
АЛМАТЫ, 2 мамыр – Sputnik. Әзербайжанда дзюдо және самбо бапкері, екінші Еуро ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов 7 жастағы тәлімгерін өлтіріп қойды, деп хабарлады
Vzglyad.az порталы.
Қатыгез бапкердің әрекеті Сумгайыт қаласындағы спорт мектебінде бейнебақылау камерасына
түсіп қалған. Мехман Халилов 7 жасар тәлімгері Фарид Бакаровтың шашынан сүйреп, тепкілеген.
Сумгайыт қалалық прокуратурасы дзюдо және самбо жаттығулары кезінде баланың ауыр жараланғанын растады.
Мехман Халилов балаға қарсы дөрекі және қауіпті әдісті қолданған, нәтижесінде баланың мойын омыртқалары сынған. Жеткіншек қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Сумгайыт қалалық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 126.3-бабы "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғады. Мехман Халилов күдікті ретінде ұсталып, тергеу жүріп жатыр.
29 жастағы Мехмен Халилов 2019 жылы Минскіде өткен II Еуропалық ойындарда самбодан қола медаль жеңіп алды. Ол басқа жергілікті және халықаралық жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетті.