Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ гипердыбысты технологияларға қомақты қаражат жұмсап отыр – әскери сарапшы

© AFP 2024 / DANIEL SLIMПентагон
Пентагон - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2023
Жазылу
Пентагон гипердыбысты қару-жараққа арналған бюджеттен бөлінетін қаражат көлемін ұлғайту үшін түрлі мәлімдемелер жасап отыр. Бірақ америкалық гипердыбысты зымырандардың ұшуынан тоқтап тұруы көп, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
АҚШ Әскери-әуе күштерінің хатшысы Фрэнк Кендалл 27 сәуірде конгрессмендерге ARRW гипердыбысты зымырандарды сатып алу туралы шешім олардың прототиптерімен жұмыс аяқталғаннан кейін қабылданатыны туралы Конгресте мәлімдеді. Дегенмен АҚШ-та бөлінетін қаражат көлемі сынақтардың барысына емес, Конгресінің шешімдеріне байланысты екені белгілі.
Пентагонның өзге ғаламшарлықтармен және гипердыбысты тежеу техникасымен күресіне жыл сайын миллиардтаған долларды бөлінгенімен, бұл бағыттағы жұмыстың айтарлықтай нәтижесі әлі жоқ. Әуеде ұшырылатын AGM-183A ARRW зымыраны прототипінің тым қымбат сынағы "болашақтағы гиперодыбысты бағдарламаларға көмектесу үшін" жалғасады.
"Қосымша жүргізіліп жатқан HACM жобасы (Raytheon Technologies корпорациясымен 985 миллион долларға жасалған келісімшарт) да осы сипатта дамып жатыр. Жалпы АҚШ бір мезгілде онға жуық гипердыбысты бағдарламаны әзірлеп жатыр. Пентагон 2024 жылы гипердыбысты зерттеулерге 11 миллиард доллар сұрап отыр. Бірақ зерттеу саны сапаға сәйкес келмей тұр", - деп жазды Хроленко.
ARRW (Air-launched Rapid Response Weapon – бомбалаушы ұшақтан ұшырылатын зымыранға орнатылған гипердыбысты жоспарлаушы апппарат) және HACM (Hypersonic Attack Cruise Missile – жойғыш ұшақтар алып жүре алатын әуе-реактивті қозғалтқышы бар қанатты зымыран) жобалық сипаттамалары сәйкесінше 1000 және 500 километр қашықтыққа 7 Мах-қа дейінгі жылдамдықпен маневрлік ұшуды қарастырады. Бірақ ресейлік "Кинжал" немесе "Циркон" сериялық бұйымдарына жетуге әлі ұзақ уақыт бар.
Бұған дейін АҚШ-тың әскери-әуе күштері 2022 жылы алғашқы 12 дана ARRW зымыранын сатып алу үшін Конгресстен 161 миллион доллар сұраған. Содан кейін Пентагон 2023 жылы 46,6 миллион долларға әуеден ұшырылатын алғашқы гипердыбысты зымыранды сатып алуды жоспарлады.
Фактілер АҚШ-тағы жоғары технологиялардың дамуы қаржыландыруға тікелей байланысты емес екенін дәлелдейді. Миллиардтаған доллар бөлінгенімен, гипердыбысты кедергіні еңсере алмай отыр. АҚШ-тың Әскери-әуе күштерінің министрі Фрэнк Кендаллдың гипердыбысты қаруға күмәнмен қарауы кездейсоқ емес. Ол ұзақ уақыт бойы гипердыбысты зымыран жүйелерімен қаруланған Ресей және Қытаймен Американың қаржылық және стратегиялық тұрғыдан бәсекелесуі жөнсіз деп санайды.
"Америкалық Lockheed Martin корпорациясы 60 жылға жуық гипердыбысты технологияларды әзірлеп келеді және ең жақсы нәтижеге 2023 жылдың қаңтарында қол жеткізді. Бұл кезде HAWC макеті B-52 бомбалаушы ұшағынан ұшырылып, 18 шақырым биіктікте 5 Мах, яғни сағатына шамамен 6100 шақырым жылдамдықпен 550 шақырымнан астам жол жүріп өтті", - деп жазылған материалда.
Гипердыбысты қарудың жоқтығы АҚШ әскери-әуе күштері мен Lockheed Martin корпорациясына DDG-1000 ZUMWALT тобындағы эсминецке анығында қолда жоқ зымыран жүйесін интеграциялауға кедергі емес.
АҚШ Әскери-теңіз күштері мен Ingalls Shipbuilding әскери кеме жасау компаниясы қаңтарда ядролық емес оқтұмсықтары бар 12 дана гипердыбысты зымыранды орналастыру бойынша стелс-эсминец Zumwalt және USS Michael Monsoor (DDG-1001) эсминецін жаңартуға 10,5 миллиард долларға келісімшарт жасады. Жалпы Пентагон жүйелі проблемаларға және Ресей және Қытаймен арадағы айтарлықтай технологиялық алшақтыққа қарамастан, 2025 жылға қарай америкалықтар гипердыбысты технологияны сөзсіз бағындырады деп санайды.
Әр түрлі модификациядағы сериялық гипердыбысты зымырандардың әрбір данасы АҚШ-тағы салық төлеушілерге 18-41 миллион долларға түседі. Әр модификациядағы 300 зымыранды сериялық өндіруді ескерсе, жекелеген гипердыбысты бағдарламаның құны 15-тен 18 миллиард долларға дейінгі қаражатты құрайды.
Әскери-теңіз күштеріне гипердыбыстық зымырандарды сатып алуды қоспағанда, әскери-әуе күштерінің мүддесі үшін Пентагон 2019 жылдан бері гипердыбысты қару-жарақты дамытуға 8 миллиард доллардан астам қаражат жұмсады. Ал енді 2023-2027 жылдарға арналған қорғаныс жоспарының аясында тағы 13 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отыр.
"Конгресстің гипердыбысты технологияларға қаражат бөлудегі жомарттығы таңғалдырады. Өйткені америкалық гипердыбысты қару-жарақ саласына жаңа технологияларды, өндірістік қуаттарды және дарынды ғалымдарды интеграциялау жетіспейді. Қарапайым және қиын жағдайларда гипердыбысты өнімдерді сынақтан өткізудің нақты жоспары да жоқ", - деп жазды сарапшы.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0