Алматыда 356 адамды кене шақты

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2023
Жазылу
Алматыда жалпы ауданы 519,616 гектар саябақ аумағы мен 1904,924 гектар орман алқабында кенеге қарсы улау жұмыстары басталды
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы апта сайынғы мониторинг деректері туралы хабарлады.
Мәселен, биылғы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері 356 адамды кене шаққан, оның ішінде балалар – 187 (52,5%) (2022 жылдың ұқсас кезеңінде – 563 адам, балалар – 310 (55%) жүгінген.
Кенеден зардап шеккендер саны 1,5 есе төмендеген. Бұл жағдайда энцефалиттің бір ғана зертханалық жағдайы тіркелген. Кене шағудан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин салынып, шұғыл көмек көрсетілді.
Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі кене энцефалитіне қарсы екпе алу.
"Қалада екпелерді тұрғылықты жері бойынша (немесе тіркелген жері бойынша) қалалық емханалардан дәрігердің кеңесінен кейін тегін алуға болады. Екпенің курсы 1-7 ай аралығымен 2 вакцинациядан тұрады. Оны жыл бойы, сондай-ақ эпидемиялық маусымда да жасауға болады. Бірінші және екінші егулер арасындағы ең оңтайлы аралық 5-7 ай (күз-қыс). Эпидемиялық маусымда кене энцефалитінің ошағына екінші вакцинация жүргізілгеннен кейін тек 2 аптадан кейін ғана баруға болады", - деді ол.
Ревакцинация вакцинация курсы аяқталғаннан кейін бір жылдан кейін бір рет жүргізіледі.
Нұсқауларға сәйкес, кене энцефалитіне қарсы вакцина балаларға 3 жастан бастап жасалады.
Кене энцефалитіне қарсы вакцинацияланатын контингенттерге мыналар жатады:
1.
кене энцефалитінің эндемиялық аймақтарында тұратын халық;
2.
осы аумақтарға келген мынадай жұмыстарды орындайтын адамдар: ауыл шаруашылығы; гидромелиоративтік; құрылыс; экспедициялық; дератизациялық және дезинсекциялық; орман дайындау, орманды тазарту және абаттандыру, халықтың сауықтыру және демалыс аймақтары;
3.
демалыс, туризм, саяжай және бақша учаскелерінде жұмыс істеу мақсатында кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарға баратын адамдар;
4.
кене энцефалитінің қоздырғыштарымен жұмыс істейтін адамдар.
Алматы тұрғындарына учаскелерді өз бетінше кенеден өңдемеуге кеңес берілді. Бұл туралы Алматы қаласының РСК алаңында "Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы" ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" филиалының директоры Берік Баймурзинов айтып берді.
Алматыда саябақ аймақтары мен орман алқаптарын кенеге қарсы өңдеу басталды. Орталық басшысы хабарлағандай, өңдеу екі рет "фаворит ВКЕ" қауіпсіз инсекто-акарицидтік препаратын пайдалана отырып жүргізіледі.
Препараттың қауіпсіздігіне қарамастан, тұрғындарға өз аумақтарында жеке дезинсекциялық өңдеу жүргізбеу керектігі айтылды. Себебі тиісті шараларды сақтамау денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін, дейді мамандар.
"Препарат қауіпсіз болғанымен, барлық нұсқауды орындау қажет. Кенеге қарсы емдеуді мамандар барлық дезинсекция шарасын сақтай отырып және тек рұқсат етілген, сертификатталған препараттармен жүргізуі керек. Мамандандырудан өткен және осы жұмысқа рұқсаты бар мамандарды шақыру керек", - деді Берік Баймурзинов.
Спикердің айтуынша, дезинсекциялық іс-шаралар қалада соңғы 8 жылда екі турда өткізіліп келеді. Бұл қалалық саябақтар, қаланың сегіз ауданындағы алаңдар, жалпы ауданы 519,616 га, сондай-ақ орман алқаптары-1904,924 га.
"Кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу негізінен кене энцефалитінің табиғи ошақтарында жүргізіледі. Бұл Алмарасан шатқалы, Медеу табиғи паркі, Көк Төбе кенті, Бутаков шатқалы, Қарағайлы шатқалы, Наурызбай ауданындағы таулы жер болып табылатын халықты жұқтыру қаупі жоғары аймақтар", - деп қорытындылады спикер.
Жаңалықтар
0