https://sputnik.kz/20230501/petropavlda-qamysty-alqap-ortendi-34445852.html
Петропавлда қамысты алқап өртенді
Петропавлда қамысты алқап өртенді
Sputnik Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ, 1 мамыр – Sputnik. Петропавлда өрт сөндірушілер Береке кентіндегі ондаған үйді өрттен құтқарды. Өйткені өртенген қамыс тұрғын үйлерге қауіп... 01.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-01T15:30+0500
2023-05-01T15:30+0500
2023-05-01T15:30+0500
өрт
қамыс
https://sputnik.kz/img/07e7/05/01/34442377_0:273:3078:2004_1920x0_80_0_0_56a62d919f66f3478fbf7c1e7b907717.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 1 мамыр – Sputnik. Петропавлда өрт сөндірушілер Береке кентіндегі ондаған үйді өрттен құтқарды. Өйткені өртенген қамыс тұрғын үйлерге қауіп төндірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Өртенген қамыстың видеосы әлеуметтік желіде тараған. Тілсіз жау жылу трассалары мен коммуникациялық құбырларға қауіп төндірді.Аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, өрт үш гектарға тараған."30 сәуірде сағат 19-да Залмановтың 1-ші өткелінде қамыс пен шөпті алқап өртеніп кетті. Құтқарушылар қасақана өрт қойылды деп болжап отыр. Оқиға орнына төрт өрт сөндіру бөлімінің өкілдері – жеке құрамның 14 адамы және төрт бірлік техника шықты", - деп хабарлады ведомство.Сол күні Қызылжар ауданында екі гектар алқап өртеніп кетті."30 сәуірде сағат 11: 50-де Бескөл ауылы мен Бәйтерек ауылы арасында қамыс өртенді. Өрт жойылды, оқиға орнына "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ №13 өрт сөндіру бөлімі шықты", - дейді Төтенше жағдайлар департаменті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/01/34442377_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_5d0227921dbd6db62d47513c5fcc5910.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, қамыс
Петропавлда қамысты алқап өртенді
ПЕТРОПАВЛ, 1 мамыр – Sputnik. Петропавлда өрт сөндірушілер Береке кентіндегі ондаған үйді өрттен құтқарды. Өйткені өртенген қамыс тұрғын үйлерге қауіп төндірген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өртенген қамыстың видеосы әлеуметтік желіде тараған. Тілсіз жау жылу трассалары мен коммуникациялық құбырларға қауіп төндірді.
Аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, өрт үш гектарға тараған.
"30 сәуірде сағат 19-да Залмановтың 1-ші өткелінде қамыс пен шөпті алқап өртеніп кетті. Құтқарушылар қасақана өрт қойылды деп болжап отыр. Оқиға орнына төрт өрт сөндіру бөлімінің өкілдері – жеке құрамның 14 адамы және төрт бірлік техника шықты", - деп хабарлады ведомство.
Сол күні Қызылжар ауданында екі гектар алқап өртеніп кетті.
"30 сәуірде сағат 11: 50-де Бескөл ауылы мен Бәйтерек ауылы арасында қамыс өртенді. Өрт жойылды, оқиға орнына "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ №13 өрт сөндіру бөлімі шықты", - дейді Төтенше жағдайлар департаменті.