"Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысушылар кредитті Отбасы банкке төлейді

© Photo : Pixabay / ArtTowerСело, деревня
Село, деревня - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Бүгіннен бастап "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы аясында барлық бюджеттік кредит Отбасы банкке төленеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен Отбасы банк "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып бекітілген болатын. Бұдан былай бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған кредиттер, сондай-ақ көтерме жәрдемақы банк арқылы рәсімделеді.
"Қазіргі уақытта мұндай қарыздарды 38 000 қазақстандық азамат алды. Енді "Дипломмен ауылға!" жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуға тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара", - дейді банк қызметкерлері.
Кредит талаптары өзгермейді. Ал уақытты үнемдеу және мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін "Дипломмен ауылға" жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.
Банктің клиенті ретінде тіркелудің бірнеше тәсілі бар. Олар:
- Otbasy bank мобильді қолданбасын жүктеп, оның көмегімен ағымдағы шотты және депозитті ашу;
- ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;
- жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.
Ал "Дипломмен ауылға" жобасына қатысуға өтінім беру үшін otbasybank.kz порталында тіркеліп, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.
Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Негізгі мамандықтар - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарлары кірмейді).
Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.
Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме - 0,01% (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады).
Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің мерзімі – 15 жыл. Негізгі талапқа сәйкес, жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.
"Дипломмен ауылға" жобасы аясында 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға алады. Оған да otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беру керек.
Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде жіберуге болады.
Мәдина Әбілқасымова - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023
Несиесін төлемей жүрген қазақстандықтарға онлайн кредит алуға тыйым салынады
Жаңалықтар
0