https://sputnik.kz/20230501/dimash-qudaybergen-armyan-tilindegi-an-turaly-birneshe-sagatta-zhattap-aldym-34435667.html
Димаш Құдайберген армян тіліндегі ән туралы: Бірнеше сағатта жаттап алдым
Димаш Құдайберген армян тіліндегі ән туралы: Бірнеше сағатта жаттап алдым
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Димаш Құдайберген Meet & Greet форматында жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесу Димаштың Еревандағы концертінен кейін... 01.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-01T11:37+0500
2023-05-01T11:37+0500
2023-08-10T17:07+0500
армения
димаш құдайберген
https://sputnik.kz/img/07e7/05/01/34433762_0:0:2267:1276_1920x0_80_0_0_1678b4d8f9871c5a3611f3bc00bd4004.jpg
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Димаш Құдайберген Meet & Greet форматында жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесу Димаштың Еревандағы концертінен кейін өтті, деп хабарлайды әншінің ресми ақпараттық сайты. Кездесуді Димаштың бауыры, жас музыкант Әбілмансұр Құдайберген ашты. Ол "Ұмытылмас күн" әнін аспап нұсқасында орындады. Музыкантпен бірге Димаштың жанкүйерлерінен құралған Dears импровизациялық хоры ән шырқады. Әнші қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Бұған дейін әнші армян халқының "дудук" атты ұлттық музыкалық аспабының жанкүйері екенін және өз шығармаларында оның дыбысын жиі қолданатынын айтқан болатын. Бұл аспапта ойнайтын шебер Геворн Дабагян әншіге дудуктың көне нұсқасын сыйға тартты. Кездесуде Димаш армян тіліндегі экспромт әннің қалай дүниеге келгенін де айтып берді. Ол халық әндерінің айтылуына тәнті екенін жеткізді. "Таңғажайып музыка. Кеше ғана концерттің алдында мен армян халықтарының түрлі композициясын тыңдадым. Ал концертке санаулы сағат қалғанда осы әнді естідім. Мен оған ғашық болғаным сонша, мәтінді жаттап, оны орындауға тырысып көрейін деп шештім", - деді әнші. Димаш қолдау білдіргені үшін, оның ішінде Еревандағы концерттегі экспромт орындалған әнін жылы қабылдағаны үшін көрермендерге алғыс айтты.
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/01/34433762_0:0:2267:1700_1920x0_80_0_0_1dc377d5b092f6891f8c37848f6b527f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
армения, димаш құдайберген
армения, димаш құдайберген
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Димаш Құдайберген Meet & Greet форматында жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесу Димаштың Еревандағы концертінен кейін өтті, деп хабарлайды әншінің ресми ақпараттық сайты.
Кездесуді Димаштың бауыры, жас музыкант Әбілмансұр Құдайберген ашты. Ол "Ұмытылмас күн" әнін аспап нұсқасында орындады. Музыкантпен бірге Димаштың жанкүйерлерінен құралған Dears импровизациялық хоры ән шырқады.
Әнші қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
"I am" a Singer" жобасының жүзеге асырылғанына 6 жыл болды және осы жылдар бойы мен сіздердің қолдауларыңызды, жылулықтарыңызды сезініп келемін. Мен әлемдегі ең бақытты әртістердің бірімін. Өйткені әрбір өнер адамы өзінің барлық шығармашылық амбицияларына әрқашан сіздер секілді көрермендер қолдау көрсеткенін армандайды", - деді Димаш Құдайберген.
Бұған дейін әнші армян халқының "дудук" атты ұлттық музыкалық аспабының жанкүйері екенін және өз шығармаларында оның дыбысын жиі қолданатынын айтқан болатын. Бұл аспапта ойнайтын шебер Геворн Дабагян әншіге дудуктың көне нұсқасын сыйға тартты.
Кездесуде Димаш армян тіліндегі экспромт әннің қалай дүниеге келгенін де айтып берді. Ол халық әндерінің айтылуына тәнті екенін жеткізді.
"Таңғажайып музыка. Кеше ғана концерттің алдында мен армян халықтарының түрлі композициясын тыңдадым. Ал концертке санаулы сағат қалғанда осы әнді естідім. Мен оған ғашық болғаным сонша, мәтінді жаттап, оны орындауға тырысып көрейін деп шештім", - деді әнші.
Димаш қолдау білдіргені үшін, оның ішінде Еревандағы концерттегі экспромт орындалған әнін жылы қабылдағаны үшін көрермендерге алғыс айтты.