https://sputnik.kz/20230501/aqtobede-anasy-men-ulyn-oltirgen-kudikti-oz-ozine-qol-zhumsady-34436435.html
Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсады
Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. 23 жастағы ақтөбелік күдікке ілінген жантүршігерлік қылмыс 29 наурызда Жилгородок ауданында жасалған, деп хабарлайды "Мой город"... 01.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-01T12:16+0500
2023-05-01T12:16+0500
2023-05-01T12:16+0500
ақтөбе
қылмыс
https://sputnik.kz/img/473/90/4739049_0:0:2771:1558_1920x0_80_0_0_5b57a2b2cb368cb0b1b6496900339aa4.jpg
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. 23 жастағы ақтөбелік күдікке ілінген жантүршігерлік қылмыс 29 наурызда Жилгородок ауданында жасалған, деп хабарлайды "Мой город" порталы. Таңертең таңғы сағат 5:30 шамасында жасөспірім 102 пультіне хабарласқан. Қыздың анасы мен ағасы қылмыс жасалған пәтерде көз жұмған, оның өзі мойын, кеңірдек тұсынан бірнеше рет пышақ жарақатын алған. Кейінірек полицияда хабарлағандай, пәтерден 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының мәйіттері зорлық белгілерімен табылған. Марқұмның 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен Ана мен баланы қорғау орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кейін белгілі болғандай, отбасы осыдан екі жыл бұрын 3 қабатты үйдегі пәтерлердің біріне қоныстанған. Балалардың үлкені колледжде, қызы мектепте оқыған, ал әйелдің өзі кафеде бармен болып жұмыс істеген. Балалардың әкесі осы оқиғадан аз уақыт бұрын өз-өзіне қол жұмсаған. Бірақ ол көптен бері отбасымен бірге тұрмаған. Көршілерінің айтуынша, бұл берекелі отбасы болған. 11 сәуірде облыстық соттың хабарлауынша, тұрғын үйге кіріп тонау, екі немесе одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу қылмыстары бойынша күдікті ұсталды. Бірақ күдікті уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол жұмсаған. "Ұсталған адамды түнде мекеме қызметкерлері анықтады. Ауысымдағы кезекші дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, күдіктіні аман алып қалу мүмкін болмады. Жедел жәрдем бригадасы күдіктінің қайтыс болғанын тіркеді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. ҚК 105-бабы – "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер. Осы факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/90/4739049_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_7870e808da781acace7889150e7ba538.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, қылмыс
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. 23 жастағы ақтөбелік күдікке ілінген жантүршігерлік қылмыс 29 наурызда Жилгородок ауданында жасалған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Таңертең таңғы сағат 5:30 шамасында жасөспірім 102 пультіне хабарласқан. Қыздың анасы мен ағасы қылмыс жасалған пәтерде көз жұмған, оның өзі мойын, кеңірдек тұсынан бірнеше рет пышақ жарақатын алған.
Кейінірек полицияда хабарлағандай, пәтерден 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының мәйіттері зорлық белгілерімен табылған. Марқұмның 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен Ана мен баланы қорғау орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кейін белгілі болғандай, отбасы осыдан екі жыл бұрын 3 қабатты үйдегі пәтерлердің біріне қоныстанған. Балалардың үлкені колледжде, қызы мектепте оқыған, ал әйелдің өзі кафеде бармен болып жұмыс істеген. Балалардың әкесі осы оқиғадан аз уақыт бұрын өз-өзіне қол жұмсаған. Бірақ ол көптен бері отбасымен бірге тұрмаған. Көршілерінің айтуынша, бұл берекелі отбасы болған.
11 сәуірде облыстық соттың хабарлауынша, тұрғын үйге кіріп тонау, екі немесе одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу қылмыстары бойынша күдікті ұсталды. Бірақ күдікті уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол жұмсаған.
"Ұсталған адамды түнде мекеме қызметкерлері анықтады. Ауысымдағы кезекші дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, күдіктіні аман алып қалу мүмкін болмады. Жедел жәрдем бригадасы күдіктінің қайтыс болғанын тіркеді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. ҚК 105-бабы – "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер.
Осы факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі.