https://sputnik.kz/20230501/almatyda-mitingke-shyqqandar-ustaldy-34448733.html
Алматыда митингке шыққандар ұсталды
Алматыда митингке шыққандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында Қытаймен арадағы визалық режимді жеңілдетуге қарсы митингке шыққан адамдар ұсталды, деп хабарлайды Sputnik... 01.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-01T18:05+0500
2023-05-01T18:05+0500
2023-05-01T18:05+0500
митинг
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында Қытаймен арадағы визалық режимді жеңілдетуге қарсы митингке шыққан адамдар ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы халықты орталық саябақта жиналуға шақырған болатын. Бұл қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде танылған.Куәгерлердің айтуынша, митингке шыққан белсенділер арнайы плакаттар ұстап келген. Бірақ көп адам жиналған жоқ. Сол жерге прокуратура мен әкімдік қызметкерлері де келді. Олар митингтің заңсыз және ондай шара үшін жауапкершіліктің бар екенін ескертті. Сосын жиналған адамдарды үйге қайтуға шақырды. Бірақ ешкім кеткен жоқ. Осыдан кейін полиция кейбір қатысушыны ұстап әкетті.Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстанда шекарадан өткеннен кейін 30 күн визасыз жүре алады. Ал шығып қайта кіретін болса, осы мерзім алты айдың ішінде 90 күннен аспауы шарт. Одан артық уақытқа қаламын десе, визаға өтініш беру керек. Визасыз жүру үшін жол жүру құжаттары болуы қажет.
https://sputnik.kz/20230401/qytay-sheteldik-turisterge-elge-toppen-kiruge-ruqsat-berdi-33496055.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
митинг, алматы
Алматыда митингке шыққандар ұсталды
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында Қытаймен арадағы визалық режимді жеңілдетуге қарсы митингке шыққан адамдар ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұған дейін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы халықты орталық саябақта жиналуға шақырған болатын. Бұл қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде танылған.
Куәгерлердің айтуынша, митингке шыққан белсенділер арнайы плакаттар ұстап келген. Бірақ көп адам жиналған жоқ. Сол жерге прокуратура мен әкімдік қызметкерлері де келді. Олар митингтің заңсыз және ондай шара үшін жауапкершіліктің бар екенін ескертті. Сосын жиналған адамдарды үйге қайтуға шақырды. Бірақ ешкім кеткен жоқ. Осыдан кейін полиция кейбір қатысушыны ұстап әкетті.
Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстанда шекарадан өткеннен кейін 30 күн визасыз жүре алады. Ал шығып қайта кіретін болса, осы мерзім алты айдың ішінде 90 күннен аспауы шарт. Одан артық уақытқа қаламын десе, визаға өтініш беру керек. Визасыз жүру үшін жол жүру құжаттары болуы қажет.