https://sputnik.kz/20230430/qaragandy-khayuanattar-bagy-zhylqy-urkip-adamdar-zardap-shekti-34427520.html
Қарағандыдағы хайуанаттар бағында ат үркіп, адамдар зардап шекті
Қарағандыдағы хайуанаттар бағында ат үркіп, адамдар зардап шекті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Хайуанаттар бағында ұзақ жылдар бойы балаларды күймемен серуендетіп жүрген ат шарлардан үркіп кетіп, салдарынан демалушылар зардап... 30.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-30T13:59+0500
2023-04-30T13:59+0500
2023-04-30T13:59+0500
өңірлер
жылқы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/13/26204453_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c2b5b30c823166a21236bc983269cd1b.jpg
АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Хайуанаттар бағында ұзақ жылдар бойы балаларды күймемен серуендетіп жүрген ат шарлардан үркіп кетіп, салдарынан демалушылар зардап шекті, деп хабарлайды ekaraganda.kz.Жазатайым оқиға кеше, 29 сәуірде болған.Қарағанды хайуанаттар бағының тұяқтылар бөлімінің басшысы Ербол Ғабдуллиннің айтуынша, бұл ат хайуанаттар бағында 8 жыл тұрады. Көптеген жылдар бойы ол демалушыларды хайуанаттар бағының аумағында күймемен тасып, серуендетіп жүрген. Жануар жақсы, мейірімді. Бірақ кеше ол ұшып бара жатқан шардан үркіп кеткен."Оқиға кешке болды. Әр демалыс сайын біз балаларды күймеге отырғызып, қыдыртамыз. Жұмыс уақыты аяқталуға жақындаған еді, ат байлауда тұрған. Осы кезде сол маңнан бала ата-анасымен бірге өтіп бара жатқан. Баланың қолында бірнеше шар болды. Жел тұрып, шарлар жылқыға қарай ұшып кетті. Жылқы үркіп, жібін үзіп, адамдар отырған беседкаға қарай шапқан. Ол жерде екі баласымен ерлі-зайыпты отырған. Барлығы зардап шекті. Ауыр жарақат жоқ. Біз жедел жәрдем шақырдық, оларды ауруханаға әкетті, содан кейін үйіне жіберді", - деп баяндады оқиғаның мән-жайын Ғабдуллин.Хайуанаттар бағының мәліметінше, әкесі мен екі баласы жеңіл жарақат алған. Ал әйелдің аяғы мен арқасы жараланған."Біз хайуанаттар бағына келушілерден шарларды өздерімен бірге алып келмеуін сұраймыз. Жануарлар әр сыбдырдан қорқуы мүмкін. Бұл жай ғана жазатайым жағдай. Бізде ипподром тұр. Құрылыс біткен соң, демалушыларды сол жерде жылқылармен серуендетеміз", - деді Ербол Ғабдуллин.Айтпақшы, хайуанаттар бағының аумағында әуе шарларын сатуға тыйым салынған. Зоологиялық саябақтың әкімшілігі келушілерден шарларды өздерімен бірге алып келмеуін сұрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/13/26204453_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3f09fa7fec31bed497853b0b90ebaa0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы
Қарағандыдағы хайуанаттар бағында ат үркіп, адамдар зардап шекті
АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Хайуанаттар бағында ұзақ жылдар бойы балаларды күймемен серуендетіп жүрген ат шарлардан үркіп кетіп, салдарынан демалушылар зардап шекті, деп хабарлайды
ekaraganda.kz.
Жазатайым оқиға кеше, 29 сәуірде болған.
Қарағанды хайуанаттар бағының тұяқтылар бөлімінің басшысы Ербол Ғабдуллиннің айтуынша, бұл ат хайуанаттар бағында 8 жыл тұрады. Көптеген жылдар бойы ол демалушыларды хайуанаттар бағының аумағында күймемен тасып, серуендетіп жүрген. Жануар жақсы, мейірімді. Бірақ кеше ол ұшып бара жатқан шардан үркіп кеткен.
"Оқиға кешке болды. Әр демалыс сайын біз балаларды күймеге отырғызып, қыдыртамыз. Жұмыс уақыты аяқталуға жақындаған еді, ат байлауда тұрған. Осы кезде сол маңнан бала ата-анасымен бірге өтіп бара жатқан. Баланың қолында бірнеше шар болды. Жел тұрып, шарлар жылқыға қарай ұшып кетті. Жылқы үркіп, жібін үзіп, адамдар отырған беседкаға қарай шапқан. Ол жерде екі баласымен ерлі-зайыпты отырған. Барлығы зардап шекті. Ауыр жарақат жоқ. Біз жедел жәрдем шақырдық, оларды ауруханаға әкетті, содан кейін үйіне жіберді", - деп баяндады оқиғаның мән-жайын Ғабдуллин.
Хайуанаттар бағының мәліметінше, әкесі мен екі баласы жеңіл жарақат алған. Ал әйелдің аяғы мен арқасы жараланған.
"Біз хайуанаттар бағына келушілерден шарларды өздерімен бірге алып келмеуін сұраймыз. Жануарлар әр сыбдырдан қорқуы мүмкін. Бұл жай ғана жазатайым жағдай. Бізде ипподром тұр. Құрылыс біткен соң, демалушыларды сол жерде жылқылармен серуендетеміз", - деді Ербол Ғабдуллин.
Айтпақшы, хайуанаттар бағының аумағында әуе шарларын сатуға тыйым салынған. Зоологиялық саябақтың әкімшілігі келушілерден шарларды өздерімен бірге алып келмеуін сұрайды.