Мәдениет

Димаш Құдайберген Еревандағы концертте армян тілінде ән шырқады

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2023
Жазылу
Қазақстандық жұлдыз Армения астанасында әлемдік деңгейдегі stranger шоуын ұсынды
АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген армян халық әні "Сарери овин мернемді" орындады, деп хабарлайды Sputnik Армения.
Концерттің басында Димаш көрермендерге армян тілінде: "бұл менің Армениядағы алғашқы концертім және сіз бұл сәтті менімен бөлісесіз деп үміттенемін", - деді.
Концертте Димаш көрерменді таңғалдырды. Армян жұртшылығы қазақ әншісіне қошемет көрсетті.
Айта кетері, Димаш Құдайбергеннің концерттік туры 6 мамырда Түркияда жалғасады.
Певца Роза Рымбаева Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2023
Мәдениет
Димаш Құдайберген Қытайдағы жаңажылдық гала-концертте өнер көрсетеді
Жаңалықтар
0