https://sputnik.kz/20230429/ukimette-azyq-tulik-qauipsizdigi-maselesi-talqylandy-34409965.html
Үкіметте азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланды
Үкіметте азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында ауыл шаруашылығы... 29.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-29T11:05+0500
2023-04-29T11:05+0500
2023-08-10T17:15+0500
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381576_0:0:2997:1685_1920x0_80_0_0_65119a79be18bad37058f8e0c4849a99.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ұсыныстар мен Қазақстанныңазық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарладыүкіметтің баспасөзқызметі.Кеңеске Канада, Ұлыбритания және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшілері, АҚШ сауда палатасының, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Азия даму банкінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар мен бірқатар жеке компания басшысы қатысты.Премьер-министр Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Республика астық дақылдарын экспорттайтын әлемдегі 10 ірі ел қатарында. Атап айтқанда, былтыр Қазақстан алғаш рет посткеңестік елдерді артқа тастап, азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде 32-орынға жайғасты.Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі – климаттың өзгеруіне бейімделу процесі. Бұл мақсатта Қазақстанда баламалы энергия көздеріне кезең-кезеңімен көшу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр."Сондай-ақ біз үшін су және жер ресурстарын тұрақты басқару — өте маңызды бағыттар. Қазір президент тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр. Егін алқаптары құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда және суармалы жерлерді ұлғайту бойынша белсенді шаралар жүзеге асырылуда", — деп атап өтті ол.Премьер-министр бұл бағытта ескі суару жүйелерін жаңғырту жобаларының да жүзеге асырылып жатқанын, сонымен қатар жаңа ирригациялық нысандар құрылысы жоспарланып отырғанын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381576_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_4fdba8ee7754f2e1a4888c13f5f5273b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ұсыныстар мен Қазақстанныңазық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарладыүкіметтің баспасөзқызметі.
Кеңеске Канада, Ұлыбритания және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшілері, АҚШ сауда палатасының, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Азия даму банкінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар мен бірқатар жеке компания басшысы қатысты.
Премьер-министр Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Республика астық дақылдарын экспорттайтын әлемдегі 10 ірі ел қатарында. Атап айтқанда, былтыр Қазақстан алғаш рет посткеңестік елдерді артқа тастап, азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде 32-орынға жайғасты.
"Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саясаты ең алдымен ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Былтыр 2024 жылға дейінгі Азық-түлік қауіпсіздігі жоспарын қабылдадық, ауыл шаруашылығын әртараптандыру аясында 2030 жылға дейінгі АӨК-ті дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда", — деді Әлихан Смайылов.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі – климаттың өзгеруіне бейімделу процесі. Бұл мақсатта Қазақстанда баламалы энергия көздеріне кезең-кезеңімен көшу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"Сондай-ақ біз үшін су және жер ресурстарын тұрақты басқару — өте маңызды бағыттар. Қазір президент тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр. Егін алқаптары құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда және суармалы жерлерді ұлғайту бойынша белсенді шаралар жүзеге асырылуда", — деп атап өтті ол.
Премьер-министр бұл бағытта ескі суару жүйелерін жаңғырту жобаларының да жүзеге асырылып жатқанын, сонымен қатар жаңа ирригациялық нысандар құрылысы жоспарланып отырғанын айтты.