https://sputnik.kz/20230429/qazaqstanda-gaz-bagasy-osedi-34418284.html
Қазақстанда газ бағасы өседі
Қазақстанда газ бағасы өседі
Sputnik Қазақстан
Тауарлық газдың шекті көтерме бағасы орта есеппен 15%-ке өседі.
2023-04-29T16:31+0500
2023-04-29T16:31+0500
2023-04-29T16:31+0500
қоғам
газ
баға
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_dba34b3eebfa01b4461eb02e3b455283.jpg
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады. Оған сәйкес тауарлық газдың шекті көтерме бағасы орта есеппен 15%-ке өседі.Ведомство түсіндіргендей, тауарлық газдың шекті көтерме бағасының өсуі газды жеткізудің өзіндік құнының өсуіне, сондай-ақ тауарлық газ өндірісінің 2019 жылы 33,1 млрд м3-тен 2022 жылы 27,8 млрд м3-ке дейін төмендеуіне, ішкі нарықта тауарлық газды тұтынудың 2019 жылы 15 млрд м3-тен 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 млрд м3-ке дейін өсуіне байланысты.Бұйрық жобасы өңірлерді газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жылдарға бөле отырып көтеріледі.Биыл 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусым аралығында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасі бекітіледі. Заңнамаға сәйкес шекті көтерме бағалардың өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15%-тен аспайды.Құжат 15 мамырға дейін бекітіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_33e2ed44861374296415ce8d8487b34c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ бағасы тауарлық газ автогаз
газ бағасы тауарлық газ автогаз
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады. Оған сәйкес тауарлық газдың шекті көтерме бағасы орта есеппен 15%-ке өседі.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы халық үшін 22,06 теңге/м3 құрайды. Тауарлық газға шекті көтерме баға 15%-ке өскен кезде тұрғындар үшін бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1,1-ден 3,87 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі, орташа өсім шамамен 2,7 теңге/м3 құрайды", - деп мәлімдеді энергетика министрлігі.
Ведомство түсіндіргендей, тауарлық газдың шекті көтерме бағасының өсуі газды жеткізудің өзіндік құнының өсуіне, сондай-ақ тауарлық газ өндірісінің 2019 жылы 33,1 млрд м3-тен 2022 жылы 27,8 млрд м3-ке дейін төмендеуіне, ішкі нарықта тауарлық газды тұтынудың 2019 жылы 15 млрд м3-тен 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 млрд м3-ке дейін өсуіне байланысты.
Бұйрық жобасы өңірлерді газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жылдарға бөле отырып көтеріледі.
Биыл 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусым аралығында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасі бекітіледі. Заңнамаға сәйкес шекті көтерме бағалардың өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15%-тен аспайды.
Құжат 15 мамырға дейін бекітіледі.