https://sputnik.kz/20230429/qazaqstan-men-armeniya-arasyndagy-tauar-aynalymy-eki-ese-osti-34417981.html
Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы екі есе өсті
Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы екі есе өсті
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Ереван қаласында Қазақстан вице-премьері – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин және Армения вице-премьері Мгер... 29.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-29T20:56+0600
2023-04-29T20:56+0600
2023-04-29T20:56+0600
экономика
армения
тауар
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1d/34416166_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_d50783091a10ecba26cee9f490cbc122.jpg
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Ереван қаласында Қазақстан вице-премьері – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин және Армения вице-премьері Мгер Григорянның төрағалығымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті.Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратынша, былтыр Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 41,6 млн долларды құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 99,8%-ке жоғары (20,8 млн доллар).Бұл ретте экспорт 10,3 млн доллардан 26,9 млн долларға дейін , яғни 40,2% өсті.Өткен жылы Қазақстаннан Арменияға ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдері, электр аккумуляторлары, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ жалатылған өнімдерінің экспорты ұлғайды. Армениядан Қазақстанға машиналар мен жабдықтар, лактар мен бояулар, дәрілік заттар және басқа да тауарлар импортталды."Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 81,8%-ке өсіп, 4,6 млн долларды құрады. Қазақстаннан Арменияға экспорт 2,7 есеге ұлғайып, 2 млн долларға жетті. Армениядан Қазақстанға импорт 46,2%-ке артып, 2,6 млн доллар болды", - деп мәлімдеді ведомство.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар екі елдің аумағындағы кәсіпорындар мен іскер топтардың қызметіне жәрдемдесу, бірлескен кәсіпорындар құру, екі ел аумағында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдіктері мен филиалдарын ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, экспортты ілгерілету және инвестициялар тарту туралы уағдаласты.Сондай-ақ екі мемлекет арасында 2023-2025 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1d/34416166_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_f98d05578be097abb5ce5f09bd4f0d99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
армения, тауар
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Ереван қаласында Қазақстан вице-премьері – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин және Армения вице-премьері Мгер Григорянның төрағалығымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті.
Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратынша, былтыр Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 41,6 млн долларды құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 99,8%-ке жоғары (20,8 млн доллар).
Бұл ретте экспорт 10,3 млн доллардан 26,9 млн долларға дейін , яғни 40,2% өсті.
Өткен жылы Қазақстаннан Арменияға ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдері, электр аккумуляторлары, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ жалатылған өнімдерінің экспорты ұлғайды. Армениядан Қазақстанға машиналар мен жабдықтар, лактар мен бояулар, дәрілік заттар және басқа да тауарлар импортталды.
"Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 81,8%-ке өсіп, 4,6 млн долларды құрады. Қазақстаннан Арменияға экспорт 2,7 есеге ұлғайып, 2 млн долларға жетті. Армениядан Қазақстанға импорт 46,2%-ке артып, 2,6 млн доллар болды", - деп мәлімдеді ведомство.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар екі елдің аумағындағы кәсіпорындар мен іскер топтардың қызметіне жәрдемдесу, бірлескен кәсіпорындар құру, екі ел аумағында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдіктері мен филиалдарын ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, экспортты ілгерілету және инвестициялар тарту туралы уағдаласты.
Сондай-ақ екі мемлекет арасында 2023-2025 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.