https://sputnik.kz/20230429/astanada-lankestikke-qarsy-oqu-zhattygu-otedi-34406863.html
Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді
Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Бүгін Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлады елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы. 29.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-29T08:43+0500
2023-04-29T08:43+0500
2023-04-29T08:43+0500
оқу-жаттығулар
https://sputnik.kz/img/972/75/9727591_0:0:1198:674_1920x0_80_0_0_5b77c81dcece668f5274b9d4c9ef633d.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Бүгін Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлады елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы."Осы жылдың 29 сәуірінде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін "Нұрлы жол" теміржол вокзалында (М. Тынышбайұлы көшесі, 8) елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік әрекетке жедел жауап қайтару, терроризм актісі салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру", - деп жазылған хабарламада.Жаттығу кезінде әртүрлі күрделі элементтер қолданылады. Теміржол вокзалының маңайында шектеу шаралары қарастырылған."Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - делінген жедел штаб таратқан хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/972/75/9727591_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_e441bbc30e76415546db2a6b60e5f221.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу-жаттығулар
Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Бүгін Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлады елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
"Осы жылдың 29 сәуірінде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін "Нұрлы жол" теміржол вокзалында (М. Тынышбайұлы көшесі, 8) елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік әрекетке жедел жауап қайтару, терроризм актісі салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру", - деп жазылған хабарламада.
Жаттығу кезінде әртүрлі күрделі элементтер қолданылады. Теміржол вокзалының маңайында шектеу шаралары қарастырылған.
"Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - делінген жедел штаб таратқан хабарламада.