Астанада биыл 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылады

© Официальный сайт Президента КазахстанаЖеңіс Қасымбек президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспарын таныстырды
Жеңіс Қасымбек президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспарын таныстырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Ақорда.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, атап айтқанда, түрлі ағаш көшеттері мен көпжылдық гүлдер отырғызылады.
Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекет басшысы қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау маңызды екенін, елорданы абаттандыру ісін назарда ұстайтынын айтты.
Еске сала кетейік, президент бүгін "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды.
Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2023
Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты
Жаңалықтар
0