https://sputnik.kz/20230428/zhylu-stantsiyasyn-minalagan-satbaev-turgyny-eki-zhylga-sottaldy-34372711.html
Жылу станциясын "миналаған" Сәтбаев тұрғыны екі жылға сотталды
Жылу станциясын "миналаған" Сәтбаев тұрғыны екі жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 27 сәуір - Sputnik. Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында кәсіпорынға мина қойылғаны жөнінде жалған хабар берген тұрғын екі жылға сотталды, деп хабарлайды... 28.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-28T08:07+0500
2023-04-28T08:07+0500
2023-04-28T08:08+0500
сәтпаев қаласы
мина
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
АЛМАТЫ, 27 сәуір - Sputnik. Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында кәсіпорынға мина қойылғаны жөнінде жалған хабар берген тұрғын екі жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz."2022 жылғы 20 желтоқсанда Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің "102" пультіне белгісіз адам қоңырау шалып, жылу станциясы ғимаратына жарылыс зат қойылғаны туралы хабарлады.Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша тіркелді.Оқиға орнына полиция және арнаулы қызмет мамандары барып, тексерді. Хабарлама расталмады.Полиция мәліметінше, ер адам кінәсін мойындаған. Ол жұбайымен жанжалдасып қалғаннан кейін ішімдік ішіп, полицияға мина туралы қоңырау шалған.Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.Сот ер адамға тағылған айып толық дәлелденді деген шешім шығарып, оны екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті."Жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Ұлытау облыстық Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Ол үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - деді полициядан.
сәтпаев қаласы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сәтпаев қаласы, мина
АЛМАТЫ, 27 сәуір - Sputnik. Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында кәсіпорынға мина қойылғаны жөнінде жалған хабар берген тұрғын екі жылға сотталды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
"2022 жылғы 20 желтоқсанда Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің "102" пультіне белгісіз адам қоңырау шалып, жылу станциясы ғимаратына жарылыс зат қойылғаны туралы хабарлады.
Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша тіркелді.
Оқиға орнына полиция және арнаулы қызмет мамандары барып, тексерді. Хабарлама расталмады.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол мас күйде жалған хабарлаған Сәтбаев қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген ақпаратта.
Полиция мәліметінше, ер адам кінәсін мойындаған. Ол жұбайымен жанжалдасып қалғаннан кейін ішімдік ішіп, полицияға мина туралы қоңырау шалған.
Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Сот ер адамға тағылған айып толық дәлелденді деген шешім шығарып, оны екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
"Жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Ұлытау облыстық Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Ол үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - деді полициядан.