Саясат

Тәжікстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

© PhotoЭмомали Рахмон
Эмомали Рахмон - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Мамыр айының басында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Рахмонды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған.
"3-4 мамырда Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан арезиденті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келеді. Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 2 мамыр күні Тоқаев Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат, Қазақстан-Франция Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдайды. Кездесу барысында Тоқаевтың былтыр қараша айында Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
Ал 3 мамырда мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдайды.
5 мамырда президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бүкілармиялық кеңес өтеді. Жиын барысында әскери саланы дамытуға және әскер дайындығына, сондай-ақ Қазақстан армиясын технологиялық тұрғыда жаңғыртуға қатысты мәселелер қарастырылады.
Жаңалықтар
0