Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуОфисные работники
Офисные работники - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 1 сәуірдегі статистика бойынша 14 417 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетелден келіп жұмыс істеп жүргендердің қызметі мен саны: басшы мен орынбасарлар - 584 адам; құрылымдық бөлімшелердің басшылары - 3 028 адам; білікті жұмысшылар - 8067 адам; маусымдық және корпоративтік ауыстыру аясында 2739 шетелдік азамат жұмыс күші ретінде тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 1 693 жұмыс беруші шетелдік азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Бұл жұмыс берушілерде 408 мыңға жуық қазақстандық еңбек етеді.
"Қазақстанға келген шетелдіктер көбіне құрылыс саласында істейді. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 1 441 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 143 адам, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 979 адам ; өңдеу өнеркәсібі – 883 адам еңбек етеді", - деп мәлімдеді ведомство.
Қазақстанға ең көп еңбек мигранттары келетін елдер: Қытай – 3 493 адам (25%), Түркия – 1 523 адам (11%), Үндістан – 1 722 адам (12%), Өзбекстан – 1461 адам (9,3%).
Жаңалықтар
0