https://sputnik.kz/20230427/uqk-esirtki-47-arnayy-operatsiya-34337475.html
ҰҚК есірткіге қарсы 47 арнайы операция жүргізді
ҰҚК есірткіге қарсы 47 арнайы операция жүргізді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арнасын жойды. 27.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-27T08:41+0500
2023-04-27T08:41+0500
2023-08-09T09:35+0500
қоғам
есірткі
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_0:0:2871:1615_1920x0_80_0_0_d87a6746c6b907f62eb520da2f199d0b.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арнасын жойды.ҰҚК ақпаратынша, есірткіге қарсы 47, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзыретті органдарымен бірлескен операциялар жүргізілді. Нәтижесінде есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды.Атап айтқанда, Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 кг героин және 48 кг метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік ұсталды.Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобының жолы кесілді. Олардан 1 кг героин, 2 кг апиын және 14 кг гашиш тәркіленді.Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 кг апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды.Бірінші тоқсанның өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылған. Заңсыз айналымнан 73 кг "мефедрон" және 223 кг "α-PVP" психотроптық заты алынды."Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралуда. Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісі тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды", - дейді ҰҚК.Ведомство ақпаратынша, аталмыш "дизайнерлік есірткілерді" өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда.ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейтілген режимде жалғастырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/58/6185838_87:0:2818:2048_1920x0_80_0_0_8870b2772196d33311a3688ab42ef86d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, ұлттық қауіпсіздік комитеті
есірткі, ұлттық қауіпсіздік комитеті
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арнасын жойды.
ҰҚК ақпаратынша, есірткіге қарсы 47, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзыретті органдарымен бірлескен операциялар жүргізілді. Нәтижесінде есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды.
"Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 483,2 кг психотроптық зат, 11 кг героин, 32,8 кг апиын, 63,7 кг гашиш, 41,6 кг марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 кг героин және 48 кг метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік ұсталды.
Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобының жолы кесілді. Олардан 1 кг героин, 2 кг апиын және 14 кг гашиш тәркіленді.
Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 кг апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды.
Бірінші тоқсанның өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылған. Заңсыз айналымнан 73 кг "мефедрон" және 223 кг "α-PVP" психотроптық заты алынды.
"Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралуда. Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісі тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды", - дейді ҰҚК.
Ведомство ақпаратынша, аталмыш "дизайнерлік есірткілерді" өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда.
ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейтілген режимде жалғастырады.