https://sputnik.kz/20230427/taldyqorgan-bilim-bolimi-2-mlrd-tenge-antikor-zhana-derekter-34337318.html
Талдықорғанның білім бөлімінде 2 млрд теңге ұрланды: Антикор жаңа деректерді бөлісті
Талдықорғанның білім бөлімінде 2 млрд теңге ұрланды: Антикор жаңа деректерді бөлісті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр... 27.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-27T08:18+0500
2023-04-27T08:18+0500
2023-04-27T08:18+0500
қоғам
талдықорған
білім
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ac855a0413b0f5624bece94b22a2148.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Антикор.Пара берген адамдар – бюджет ақшасын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар және сот санкциясымен қамауда отыр.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығарады.ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.Еске салсақ, Талдықорған қалалық білім бөлімінің бухгалтері 2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Бас есепшімен бірге оның орынбасары және бірнеше қызметкер қамауға алынды. Олар бірнеше жылдан бері білім саласында жұмыс істемейтін адамдарға ақша аударып жүрген.
https://sputnik.kz/20230425/taldyqorganda-bilim-boliminin-esepshisi-zhymqyrgan-qarazhat-2-milliard-tengege-zhetti--34290330.html
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_240136b05bbed44cc4a7c66dbffffccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, білім
Талдықорғанның білім бөлімінде 2 млрд теңге ұрланды: Антикор жаңа деректерді бөлісті
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Антикор.
"Ол білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағы қызметкерлерден 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Пара берген адамдар – бюджет ақшасын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар және сот санкциясымен қамауда отыр.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығарады.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салсақ, Талдықорған қалалық білім бөлімінің бухгалтері 2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Бас есепшімен бірге оның орынбасары және бірнеше қызметкер қамауға алынды. Олар бірнеше жылдан бері білім саласында жұмыс істемейтін адамдарға ақша аударып жүрген.