https://sputnik.kz/20230427/shymkenttikterdin-zhalaqysy-100-myn-tengeden-kem-bolmaydy--qala-akimi-34370145.html
Шымкенттіктердің жалақысы 100 мың теңгеден кем болмайды – қала әкімі
Шымкенттіктердің жалақысы 100 мың теңгеден кем болмайды – қала әкімі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Биылдан бастап шымкенттіктердің жалақысы 100 мың теңгеден кем болмайды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов халықпен кездесуі... 27.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-27T20:00+0500
2023-04-27T20:00+0500
2023-04-27T20:00+0500
шымкент
жалақы
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492743_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_f93a9819860302fe1765433cb4be7dc7.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Биылдан бастап шымкенттіктердің жалақысы 100 мың теңгеден кем болмайды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов халықпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлады Otyrar.kz.Оның мәліметінше, қазір үшінші мегаполисте тұрақты жұмыс істесе де айлығы шайлығына жетпейтін 17 мың азамат бар. Олар 78 мың теңгеге күнелтіп отыр. Биыл осы азаматтардың айлық табысын арттыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген.Бүгінде азаматтарды жұмыспен қамту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен өткен жылы 65 мың азамат әкімдік қолдауымен екі қолға бір күрек тапқан.Әйтеновтың айтуынша, осындай шаралардың арқасында мегаполистегі АӘК алатын отбасылардың да қатары азайған. 2021 жылы 50 мың отбасы АӘК алса, өткен жылы көрсеткіш 16 мыңға кеміді. Ал қазірдің өзінде 5 085 мекемеде 10 мың бос жұмыс орны бар екен."Көбісі АӘК тұрақты берілетін көмек деп ойлайды. Ол тұрақты емес. Азматтар аяққа тұрғанша, өз-өзін қамтамасыз еткенше уақытша беріледі. Жұмыс тауып, жағдайы жақсарған соң автоматты түрде АӘК-тен шығарылады. Біз барынша оларға жұмыс тауып беруге күш салып жатырмыз", - деп атап өтті Шымкент әкімі.Айта кетері, бүгінде республикалық маңызы бар қаланың бюджетінде де әлдеқайда өсім бар. 2019 жылы қала бюджеті 146 млрд теңге болса, биыл 613 млрд теңгеге жетіп отыр.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492743_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_7e3114a6a58d66dce4be2addd8b13f8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, жалақы
Шымкенттіктердің жалақысы 100 мың теңгеден кем болмайды – қала әкімі
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Биылдан бастап шымкенттіктердің жалақысы 100 мың теңгеден кем болмайды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов халықпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлады
Otyrar.kz. Оның мәліметінше, қазір үшінші мегаполисте тұрақты жұмыс істесе де айлығы шайлығына жетпейтін 17 мың азамат бар. Олар 78 мың теңгеге күнелтіп отыр. Биыл осы азаматтардың айлық табысын арттыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген.
"Біз оны анықтап, депутаттармен ақылдасып шештік. Қазір 17 мыңға жуық азаматтың айлығы 100 мыңға жетпейді екен. Биылғы 1 сәуірден бастап жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бөліп, жалақысы 78 мың теңге құрайтын азаматтарды 100 мыңға ұлғайтып отырмыз", - деді Мұрат Әйтенов.
Бүгінде азаматтарды жұмыспен қамту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен өткен жылы 65 мың азамат әкімдік қолдауымен екі қолға бір күрек тапқан.
Әйтеновтың айтуынша, осындай шаралардың арқасында мегаполистегі АӘК алатын отбасылардың да қатары азайған. 2021 жылы 50 мың отбасы АӘК алса, өткен жылы көрсеткіш 16 мыңға кеміді. Ал қазірдің өзінде 5 085 мекемеде 10 мың бос жұмыс орны бар екен.
"Көбісі АӘК тұрақты берілетін көмек деп ойлайды. Ол тұрақты емес. Азматтар аяққа тұрғанша, өз-өзін қамтамасыз еткенше уақытша беріледі. Жұмыс тауып, жағдайы жақсарған соң автоматты түрде АӘК-тен шығарылады. Біз барынша оларға жұмыс тауып беруге күш салып жатырмыз", - деп атап өтті Шымкент әкімі.
Айта кетері, бүгінде республикалық маңызы бар қаланың бюджетінде де әлдеқайда өсім бар. 2019 жылы қала бюджеті 146 млрд теңге болса, биыл 613 млрд теңгеге жетіп отыр.