Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жетті

© Photo : Pixabay / Steve BuissinneПожилой мужчина
Пожилой мужчина - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы тұңғыш рет 74,44 жасқа жетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың өмір сүру ұзақтығының деңгейі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 74,44 жасқа жетті.
"Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат, оның ішінде денсаулық сақтаудың дамуы, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді", - дейді ведомстводағылар.
Министрліктің айтуынша, республикада жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, ауыл медицинасын, денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс күшейтілді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілді, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған кезде тексерулер жеделдетілді.
Жер бетінде ең ұзақ өмір сүретіндер жапондар екен. Олардың өмір сүру ұзақтығы орташа 82 жас. Екінші орында Қытай, үшінші орында Швейцария халқы тұр.
Бұл көрсеткіштер CIA World Factbook кітабы мен БҰҰ жасаған World Population Prospects тізімінен алынған. БҰҰ жасаған 2005-2010 жылғы тізім бойынша Қазақстан ұзақ өмір сүру жағынан 194 мемлекеттің ішінде 128-ші орында тұрақтаған. Ол кездегі қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жас болған. Айта кетейік, БҰҰ тізімге халық саны 100000 асатын елдерді ғана кіргізген.
Жаңалықтар
0